БІЛІМ САЛАСЫНДА ЖЕТІСТІК КӨП
Ауданда болашақтың тірегі жастардың толыққанды білім алуына жан-жақты жағдай жасалып отыр. Жалпы, білім беру сапасы жылдан-жылға жоғарылап келеді. ҰБТ қорытындысымен екі жыл қатарынан 2015-2016 жылдары облыс бойынша бірінші орынды иеленді. 2017 жылы ауданның көрсеткіші 81,6 балды құрады.
2017 жылға 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткішін 100 пайызға жеткізуге міндеттеме толығымен орындалды.
Тіректі елді мекендерді дамыту мақсатында үстіміздегі жылы облыстық бюджет есебінен 50,0 млн. теңге қаржы қаралып, Мәдениет ауылында 90 орындық балабақша құрылысы басталды.
2017 жылдың қазан-желтоқсан айларында Жалағаш кентінде, Мәдениет, Таң ауылдарында барлығы 200 орындық 3 жеке балабақша ашылды.