ТІРЛІГІ ТЫНДЫРЫМДЫ, ІСІ ІЛКІМДІ МӘДЕНИЕТТІКТЕР
Аудан әкімінің және ауылдық округ әкімдерінің кезекті кездесуі Мәдениет ауылдық округінде өтті.
Кездесуге облыстан бекітілген өкіл ретінде облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Н.Мықбасов, аудандық мәслихат хатшысы М.Еспанов, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.
Мәдениет ауылдық округінің әкімі Ө.Әбдіхалықов ауылдық округ бойынша 1 ЖШС, 5 кооператив, 44 шаруа қожалығы, 112 жеке кәсіпкер аудандық кірістер басқармасына тіркелінгендігін айтып өтті.
Сонымен қатар, округ көлемінде 2017 жылдың көктемгі күріш орналастыру науқанында 2694 га күріш егісі, 137 га бидай, 229 га жаңа бидай орналастырылып, уақытылы жиналған.
Округ көлеміндегі шаруашылықтарды қажетті жаңа техникалармен қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізіліп 2017 жылдың өзінде 3 класс комбайны, 1 жатка, 1 МТЗ-80 жаңа техникалары сатып алынып, күзгі егін жинау науқанына қатысты.
№32 орта мектепте қазіргі уақытта 339 оқушы білім алып, оларға 67 мұғалім дәріс беруде.2017 жылы 9 оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, қорытындысымен орташа 93,7 балл құрады. 7-уі жоғары оқу орнына грант иегері атанып, 2 оқушы ақылы негізде оқуға түсіп білім алуда.
Ауыл бойынша көп балалы отбасынан шыққан Ф.Есмахан және Н.Сейфулла облыс әкімі грант иегері атанып, жоғары оқу орындарына жолдама алуға қол жеткізді.
Мұғалімдердің 84,7 пайызы жоғары білімді мамандар.
2016 жылы мемлекеттік алтын белгіге 1 оқушы ұсынылып, өз білімін дәлелдеп шықты.
Ауыл бойынша 12 науқас мемлекеттік квота арқылы облыстық және Алматы қалалық ауруханада емделген.
Ауылда 2017 жылы жеке кәсіпкер А.Амреева жеке «Жанайым» балабақшасын ашып. нәтижесінде 11 ауыл тұрғынын жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге қол жеткізді.
Мәдениет ауылының тіректі елді мекендер болып бекітілуіне байланысты ауылға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, 90 орындық балабақша құрылысы, 150 орындық клуб құрылысы, спорт кешендері бой көтеруде. Аталған әлеуметтік нысандарға 9 ауыл тұрғыны жұмысқа тартылды.
№14 балалар жасөспірімдер спорт мектебінде 29 жұмысшы қызмет атқарып, олар қазақ күресі, ДЗЮДО күресі, бокс түрлерінен балаларды жаттықтыруда. Аталған спорт мектебінің түлектері «Азия» біріншілігінің жүлдегері, республикалық сайыстарда да жүлделі орындарға қол жеткізуде.
Ауылда барлығы 10 көше орналасқан. Олардың 7-уі асфальттанған. Қалған 3 көше бойынша алдағы уақытта бірінші кезекте тас төсеу жұмыстарын жүргізуге байланысты тиісті құжаттар әзірленетін болады.
Жыл ішінде 21 сәби Елтаңбалы куәлік алуға қол жеткізсе, 11 адам қайтыс болу актісін алуға жазу кітабына енгізілді.

Пікір 2