«ЖАНАЙЫМ» – ЖАҢАДАН АШЫЛДЫ
Мәдениет елді мекенінде жаңа жыл қарсаңында «Жанайым» балабақшасы өз жұмысын бастады. Мемлекеттік әріптестік негізінде ашылған 50 орындық балабақшада «Қарлығаш», «Құлыншақ» атты топтар құрылып, бүлдіршіндер заман талабына сай тәлім-тәрбие алуда. Ойын бөлмелері қажетті ойыншықтармен, оқу құралдармен қамтамасыз етілген. Оқу-тәрбие жұмыстары жоспарға сәйкес ұйымдастырылуда.
Балабақшада барлығы 18 адам жұмыспен қамтылып отыр. Құрылтайшысы – Айдана Әміреева, балабақша меңгерушісі – Гүлжан Әміреева, тәрбиешілер – Шара Жұмашова, Тұрар Нұршат. Ағылшын пәні мұғалімі Гүлнұр Мұстаяпова, аспазшы Марал Илясовалар балалардың бабын тауып, қалтқысыз қызмет етуде.
– Мемлекеттік әріптестік негізінде жұмыс жүргізудің тиімділігі көп. Мәселен, үкіметтен әр балаға ай сайын қаржылай субсидия беріліп тұрады. Жалпы, балабақшада балалардың оқып, тәрбие алуына барлық жағдай жасалып отыр, – дейді балабақша меңгерушісі Г.Әміреева.

Серік БЕРТАЕВ.