Табиғатта тылсым көп біз білмейтін
Табиғат-ананы толық зерттеп, жылдың төрт мезгілінде болатын кейбір құбылыстардың барлығын да бір арнаға түсті деп ешкім айта алмайды. Осы саламен айналысатын арнаулы мамандар мен ғалымдардың өздеріде кейде тосыннан болатын құбылыстың алдын ала болжағанымен жыл бойына болатын кейбір өзгерістерді толық зерттеп біле қойған жоқ десек қателеспейміз. Осыған байланысты ғылым-білім дами қоймаған уақыттың өзінде де ата-бабаларымыз күнделікті өмірден жинақталған тәжірибелерімен жыл сайын жұлдыздардың қозғалуынан болатын табиғаттың кейбір өзгерістерін зерттеп, оның жыл сайын дәл уақытында қайталанатынын бақылап отырған.
Бұл мәселелер жайында жарияланған барлық материалдарды жинақтап, зерттеп соңғы жылдары өзімде байқап, бақылай жүріп қажет деп тапса кәдесіне жаратар деген мақсатпен көпшілік назарына ұсынуды жөн көрдім.
27-28 наурыз – «Құс қанаты». Қалықтап қар жауады. Халық мұны қардың басын қар алар, ханның басын хан алар» – деп ырымдайды. Осы қармен бірге жыл құсы ілісе келеді. Кей жылдары жаңбырға да ұласады.
4-5 сәуір – «От амалы». Қыстың бір күндік соңғы бораны. Мұнан кейін қыс біржолата қайтып мал өрісіне жайылады.
18-19 сәуір – «Қызыр қамшысы». Аспанда алғашқы рет найзағай ойнап, жаңбыр жауады (кей жылдары бір күндік суық та түседі). Отау-отау болып жөкте жүзген жаздың бұлты шығады.
28-29 сәуір – «Бүршік жарған». Бір күндік суық. Тобылғы-қараған бүршігін жарады.
9 мамыр – «Қызыл жұмыртқа». Осы күні адал құстар, қаз-үйректер жұмыртқасын жарып, қызыл шақа балапанын шығарады.
17-24 мамыр – «Құралай салқыны». Осы жаңбырмен қоса киік лағын өргізеді.
29-31 мамыр – «Үркердің батуы».Үркер «шалшыққа батса», яғни осы күндері жаңбыр болса, жаз жаңбырлы болады деген ырым бар. Осыдан бір аптадан кейін шілденің ыстығы басталады. Ол 40 күнге созылады.
15-17 шілде – «Үркердің толғағы». Арқаның табиғаты бұзылмай тұрғанда, бұл шамада аптаға созылған жаңбыр болған. Шілденің аптабынан кейінгі осы жаңбырды халық асыға күткен.
14-15 тамыз – «Таразының тууы». Халық арасында «Таразы туа таң суыр» деген мәтел бар. Күз нышаны, алғашқы суық білінеді. Бұлт қоюлана түседі «таразының туғанын лақ біледі, суға барған бала жылап келеді» дейді.Себебі, таң ата салқыннан тоңып лақ бақылдайды, салқын суға балалар түсе алмайды.
21-22 қыркүйек – «Сүмбіле жұлдызының тууы». Ел арасында «Сүмбіле туа су суыр» деген мәтел бар. «Қабағын түйген күз» жаңбырлап келеді.
4-5 қазан – «Бозқырау» деп аталады. Алғашқы суық бой көрсетіп мал тезегіне қырау тұрады.
14-19 қазан. «Ақыраптың алты күні» деп аталады. Бұл күндері қазақ жұлдызшылары тезектің өте майда күлін сағатсайын ұшырып отырып, желдің бағытын, күшін, бұлттың жоғары-төмендігін, алғашқы ұшқын қардың жобасын байқап, қыс айындағы ауа-райын болжаған.
18-19 қараша – «Қараша қаздың қайтуы». Жаңбыр, соңы көк тайғаққа ұласады.
4-5 желтоқсан. (М.Әуезов ақпан айы дейді) «Қырбастың қызылы».Алғашқы аяз күрт көтеріліп, 30-35 градусқа жетеді.
17-22 желтоқсан – «Теке бұқыл».Арқаның атақты бораны.Осы шамада арқармен киік жұптасады.
1-2 қаңтар – «Күн таласы». «Күн бой көтереді», – дейді ел. Жапалақтап қар жауады. (Кейде жаңбыр да сіркірейді).
17-25 қаңтар – Сары аяз. «Қыс шілдесі» деп те аталады, аяздың шарықтау шегі.
3-5 ақпан – «Үркер ауыған». Шарықтап шыққан үркер жұлдызы төбеден солтүстік батысқа қарай сырғиды. Осыдан кейін Арқада 30 градустан асар аяз болмайды. Бұл күндері бірер күндік борасын жүріп өтеді.
17-23 ақпан – «Бөрі сырғақ». Атақты боранның бірі. Көкжал мен қаншықтың жұптасып, 62 күннен соң бөлтіріктерін туады.
5-7 наурыз – «Толқыма». Алғашқы жылымық. Күн жылына бастайды.
17-19 наурыз – «Май боран».Босаға жұлдызының тууына орай босаға басы деп те аталады.
Ескерту: Бұл болжамдар 2-3 күн ерте немесе кеш болуы мүмкін.

Басқа басылымдардан жинақтаған
Кенжеғара Сүлейменов,
газеттің бұрынғы редакторы.