» » Қазақстанда мұғалімдердің жалақысын 300 мың теңгеге дейін көтеру ұсынылды

Қазақстанда мұғалімдердің жалақысын 300 мың теңгеге дейін көтеру ұсынылды

Мұғалімдер айына кемінде 300 мың теңге алуы тиіс. Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрағасының орынбасары Айгүл Мұқашева «Мұғалімдердің мәртебесі туралы» заң жобасын талқылау барысында осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

ÒазаÒÑÑанда мұÒалÑмдеÑдÑÒ£ жалаÒÑÑÑн 300 мÑÒ£ Ñеңгеге дейÑн көÑеÑÑ Ò±ÑÑнÑлдÑ

«Педагогтардың айлық ақысын есептеу үшін пайдаланылатын базалық индикатор – базалық лауазымдық жалақыны (БЛЖ) күнкөріс минимумына ауыстыруды ұсынамыз. Егер мұндай өзгеріс енгізілетін болса, біздің педагогтардың айлығы екі есеге артатын еді», – дейді Айгүл Мұқашева.

Сонымен қатар ол бүгінгі таңда мұғалімдердің орташа жалақысы 102 мың теңгені құрайтынын атап өтті. Өз кезегінде кәсіподақ төрағасының орынбасары мұғалімдердің жалақысын 300 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды.

«Біздің ойымызша, біздің мұғалімдердің айлығы 300 мың теңгеден кем болмауы керек. Егер осылай ете алсақ, мұғалім мамандығына жастар барар еді. Себебі, қазіргі уақытта мұғалімнің айлығы аз болғандықтан, жас буынның мектепке жұмысқа барғысы келмейтіні ешкімге құпия емес. Ал бізге мектепте дәл қазір креативті бағдарламалармен жұмыс істей алатын ойлы жастар керек. Егер мұғалімге жақсы айлық бере білсек, ол барын салып, жанын салып жұмыс атқаратын болады. Бірақ, қазірдің өзінде төмен айлыққа қарамастан, біздің мұғалімдер өте жақсы нәтижемен жұмыс атқаруда», – дейді Мұқашева.

Stan.kz 
25 ақпан 2019 ж. 715 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930