БҒМ: Ауылдық мұғалімдер қаласа 200 мың теңгеден астам жалақы ала алады
Қазақстанның ауылды аймақтарында жұмыс істейтін мұғалімдер қызметтерін жақсы атқаратын болса 200 мың теңгеден астам жалақы ала алады, дейді ҚР Білім және ғылым министрлігіндегілер.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
«Ауылдық мұғалімдерге болжамды түрде 200 мың теңгеден астам жалақы алуға болады. Мысалы, мұғалімдердің айлығы 103 теңге. Бірақ оның сыныбы болса, дәптер тексеріп қауіпті заттармен жұмыс жасайтын болса онда 103 мыңның үстінен 27 мың теңге ала алады. Сондай-ақ, бұл жалақының үстінен жаңартылған мазмұн үшін 30 мың қосылады. Егер, олар «шебер мұғалім» санатын алса, тағы 50% жалақы алуға мүмкіндік бар. Сонымен бірге, ағылшын тіліндегі аудиторияға сабақ берсе тағы 35,000 қосылады. Нәтижесінде, жалпы сома 235 000 теңгені құрады. Бұл болжамды жалақы. Барлығы мұғалімнің жетістігіне, санатына байланысты болмақ»- дейді Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов.
Дегенмен, Аймағамбетов жұмыс тәжірибесі жоқ мұғалімдердің өзі 130 мың теңгеге дейін жалақы ала алатынын сеніммен айтты.
Stan.kz