» » Мұғалімдер толтыруға міндетті 5 құжаттың тізімі бекітілді - Ерлан Сағадиев

Мұғалімдер толтыруға міндетті 5 құжаттың тізімі бекітілді - Ерлан Сағадиев



Мұғалімдер толтыруға міндетті 5 қағаз-құжаттың тізімі бекітілді. Басқа құжаттарға мұғалімдер жауапты болмайды. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа оқу жылының қарсаңында мұғалімнің жұмысын жеңілдетуге бағытталған шаралар қабылданды. Біріншіден, естеріңізде болса, былтырдан бері мұғалімдерді үй аралатудан алып тастадық. Мектептің рейтингі де алынды. Енді министрлік мұғалім жұмысын жеңілдету үшін өз тарапынан педагогтар толтыруға тиіс құжаттар тізбесін алғаш рет бекітті. Ол тек бес құжат. Одан басқа мұғалімдерден ешқандай қағаз, құжат сұралмауы тиіс», - дейді Ерлан Сағадиев. Үкімет отырысынан кейін баспасөз мәслихатын өткізген Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мектеп мұғалімдері толтыруға міндетті 5 құжаттың тізімін айтып берді. «Нақтырақ айтсақ, олар - күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау, сабақ бойынша жоспарлау, крийтерийлік бағалау, күнделік және сынып журналы. Жалпы, күнделік пен журнал бойынша қазір цифрландыру жүріп жатыр», - дейді Асхат Аймағамбетов.     

Аян Бекенұлы
http://www.syrboyi.kz

22 тамыз 2018 ж. 928 1

Гость Jeaplause от 13 наурыз 2019 06:04
Acheter Du Kamagra Buy Isotretinoin Us Free Shipping buy cialis online Buy Teva Viagra 254 Cialis En Direct Keflex For Urinary Tract Infection Dosage