» » 2021 жылдан бастап Қазақстанда төлқұжатты латын қарпімен беру көзделуде

2021 жылдан бастап Қазақстанда төлқұжатты латын қарпімен беру көзделуде

Латын әліпбиіне кезең-кезең бойынша көшудің жоспары негізінде 2021 жылдан бастап, қазақстандықтардың төлқұжатын, жеке куәліктері мен басқа да құжаттарын латын графикасы негізінде мемлекеттік тілде беру көзделуде. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Мемлекет басшысының кеңейтілген Үкімет отырысында берген тапсырмаларына қатысты келесіні баяндауды рұқсат етіңіз. Латын әліпбиіне кезең-кезең бойынша көшудің жоспары әзірленді. Бірінші кезең - 2018-2020 жылдары нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша дайындық жұмыстары мен іс-шаралар жүргізілетін болады. Латын графикасы негізінде жаңа қазақ әліпбиінде дұрыс жазу қағидалары, мәтінді латын әліпбиіне аударудың ІТ қосымшалары әзірленеді», - деді вице-министр.

 Ерлан Қожағапанов екінші кезең 2021-2023 жылдарды қамтитынын атап өтті. «2021-2023 жылдары латын графикасы негізінде мемлекеттік тілде Қазақстан Республикасының төлқұжатын, жеке куәлігін және басқа да құжаттарды беруді қамтамасыз ету көзделген. Филологтар мен ғалым-лингвистерді тарта отырып, орталықтардың оқытушылары мен ересек халықты үйрету үшін семинарлар мен лекциялар, курстар ұйымдастырылады. Үшінші кезең 2024-2025 жылдары мемлекеттік органдарының, білім беру ұйымдарының, мемлекеттік БАҚ және баспалардың құжат айналымдарын кезеңменен көшіру жоспарланған. Министрлік жанында жұмысты үйлестіру мақсатында «Тіл қазына» орталығы құрылуда», - деп түйді Ерлан Қожағапанов. 
14 ақпан 2018 ж. 1 057 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 692

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031