» » АДАМНЫҢ БЕТ-ЖҮЗІН ТАНИТЫН ЖҮЙЕ ОРНАТЫЛДЫ

АДАМНЫҢ БЕТ-ЖҮЗІН ТАНИТЫН ЖҮЙЕ ОРНАТЫЛДЫ

Елордалық әкімдікте жасанды интеллект қолданыла отырып, адамның бет-жүзін танитын пилоттық жүйе орнатылды. Аталмыш жүйе әкімдіктегі негізгі кіреберіске қойылды. Жобаның мақсаты – елордадағы қауіпсіздік деңгейін арттыру. Аталмыш бағдарлама  адам көп шоғырланған жерлерде орнатылған. Сергек бейнебақылау жүйесі серверлеріне қосылатын болады. Бұл туралы Астана –әкімдігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты,-деп хабарлайды "Айқын" газетінің сайты.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың айтуынша,
аталмыш жоба бірінші кезекте қала тұрғындарының қажеттіліктеріне бағытталған.
–Аталмыш жүйенің көмегімен біз қылмыскерлерді, хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеп, құқық бұзушылықтарды және тағы басқа көптеген мәселелерді тексере аламыз, – деді Астана қаласы әкімінің орынбасары.
Адамның бет-жүзін тану жүйесі онлайн тәртіпте жұмыс жасайды, адамның тұлғасын анықтау бірнеше секунд уақыт алады. Адам есікке жақындаған кезде оның бет-жүзі камераға түсіп, кіріп-шығуды бақылау жүйесіне енгізіледі, дыбыстық белгі беріліп, есіктің құлпы ашылады. Аталмыш кешен мемлекет басшысы жолдауының 9-тармағын орындау аясында іске асырылады, қоғамдық тәртіпті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелер мен азаматтар көп жиналатын жерлерге интеллектуалды бейнебақылау және тану, жол қозғалысын бақылау жүйелерін белсенді түрде енгізу қажет.
02 ақпан 2018 ж. 925 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930