» » Оқу ақысы арзан ба: Қазақстандық студенттер неліктен Ресей мен Түркияда оқуға құмар

Оқу ақысы арзан ба: Қазақстандық студенттер неліктен Ресей мен Түркияда оқуға құмар

Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде білім алу көптің арманына айналған. Әсіресе, қазақ жастарының өзге мемлекетке кетуге деген ұмтылысы соңғы жылдары артып отыр. Басқасын былай қойғанда, көршілес Ресейде Қазақстанның 70 мыңға жуық жастары оқып жатқан көрінеді.
ÐÒÑ Ð°ÒÑÑÑ Ð°Ñзан ба: ÒазаÒÑÑандÑÒ ÑÑÑденÑÑÐµÑ Ð½ÐµÐ»ÑкÑен РеÑей мен ТүÑкиÑда оÒÑÒа ÒұмаÑ

Отандық білім беру жүйесінің кемшілігі қандай?  Жастардың шетелде білім алып қана қоймай, тұрақтап қалуына не себеп? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Асылбек Арман Түркияның Кайсери қаласындағы Эрджиес университетінің 4-курс студенті. Биыл аталған оқу орнын тәмамдап диплом алады. Оның  айтуынша, бұл жерде білім сапасы еуропалық талаптарға негізделген және студенттерге барлық жағдай жасалған. Мәселен, шәкіртақымен қоса тегін жатақхана да беріледі екен.

«Түркия мемлекетіне 2015 жылы Түркия стипендиялар бағдарламасы бойынша бакалаврға оқуға түстім. Студент аға-әпкелерімді көріп, тыңдап, шетелде оқысам деген арман пайда болды. Ұлттық бірыңғай тестілеуге тапсырдым, мүмкін болған 100 пайыз меженің 80-на қол жеткіздім. Қазақстанда да грант иегері атанған едім. Неліктен Түркия мемлекетін таңдадым? Түркия мемлекеті стипендиямен жатақханамен және де медициналық сақтандырумен қамтамасыз етіп отыр», - дейді студент Арман Асылбек. 

Өз еліңде тұрып, білім алғанға не жетсін? Бірақ, отандық жоғарғы оқу орындарының бір жылдық оқу құны тым жоғары саналады екен. Мұны астаналық Ғалия Шаудырбаева растап отыр.  Ұлының шетелдегі университетіне жылына 250 мың теңге төлейді. Есесіне ол қос тілді қатар меңгеріп, xалықаралық стандартқа сай диплом алып шығады.

«Менің балам Түркияны таңдау себебі, оның таңдаған мамандығы ресторатор. Ресторатор мамандығы бізден көрі ол жақта, туристік сала дамыған ел ғой. Сондықтан да ол көп нәрсені үйреніп келіп, ертеңгі күні Қазақстанның болашағына үлесін қосады. Жылына оқу ақысын шаққанда 1000 долларға да жетеді. Маған сол жағынан ұнайды», - дейді қала тұрғыны Ғалия Шаудырбаева. 

Білім беру саласының сапасы жоғары болса, түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндігі артады. Қоғам белсендісі Мұрат Әбенов қазіргі жағдайда жұмыссыздықтың көбейіп тұрғанының бір себебі - осы дегенге сенімді. Университеттер мен колледждердің оқыту методикасы заман талаптарына тіптен сай келмей, ақсап тұрған көрінеді. 

«Оқуды бітірген жастар сапасыз білім алып шығып жатыр. Оқуды бітіреді, бірақ дипломмен жұмыс таба алмайды. Қазақстанда 1,5 миллион адамның жоғары дипломы бар, бірақ жұмысқа кіре алмайды. Себебі, сен программиссің, сен журналиссің, экономиссің бірақ берген сабақтары ескіріп қалған теория. Лабораториялар жоқ, практика жоқ, мықты ұстаздар жоқ. Ол неге келтіреді, дипломы бар, бірақ білімі сәйкес келмейді», - дейді қоғам белсендісі Мұрат Әбенов. 

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын 14 пен 28 жас аралығындағы 8 мыңға жуық жас шетел асады. Сарапшылардың айтуынша, мұның бірнеше себебі бар. Тұрақты жұмыстың жоқтығы, жалақының аздығы мен білімнің сапасыздығы. Сондай-ақ, баспана мәселесі де өзекті. Алдағы уақытта бұл  үрдіс өзгермесе, елімізде кадр тапшылығы артуы мүмкін.

«Мемлекет кадрларды даярлауға қомақты қаражат бөліп жатыр. Мысалы, кадр даярлауға 2 жыл ішінде 234 млрд теңге бөлініп, жыл сайын 300 мыңдай жас маман жоғары және кәсіптік техникалық білім алып шығады екен. Жастар арасындағы жұмыссыздық ресми статискаға сәйкес бүгінгі күні 82400 адамды құрайды», - дейді мәжіліс депутаты Құралай Қаракен.

Министрлік өкілдері болса, бұл анау айтарлықтай күрделі мәселе емес деп сабырға шақыруда. Нақтырақ айтсақ, әлем бойынша мұндай үрдіс жүріп жатыр екен. Халықаралық стандарт, тәжірибе, қалыпты жағдай деп өзімізді өзіміз сендіріп отырғанда, болашақта негізгі жұмыс күшіне айналатын буыннан айырылып қалмасақ болғаны. 

Stan.kz 
04 наурыз 2019 ж. 407 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 769

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930