» » Қарағандылық тіс дәрігері науқастың аузында ине қалдырып кеткен

Қарағандылық тіс дәрігері науқастың аузында ине қалдырып кеткен

Қарағандылық әйел тіс емдетемін деп барып аузында ине қалып кеткенін айтып, сотқа тіс дәрігерінің үстінен арыз түсірген. Бұл туралы Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.


Істі қарау барысында тіс дәрігері науқастың тісін емдеп, ауруды жеңілдетіп, тіс каналдарын тазалап, оның орнына уақытша пломба толтырып қойғанын және барлық ем-дом жасалып біткен соң, рентген түсірілімін жасап, емдеудің сәтті аяқталғаны айтқан. 
 
Алайда  уақытша жансыздандыру аяқталғаннан кейін науқастың тісі қайта ауыра бастаған. Басқа  тіс емдеу клиникаларына барғанда тісі дұрыс тазаланбағанын және ішінде ине қалып қойғанын айтқан.

Қарағандылық әйел денсаулығына келтірілген зардап пен шығындар үшін 40 мың теңге көлемінде және морольдық шығын үшін 240 мың теңге (106 және 640 доллар) алуды қарсы тараптан  талап еткен.
 
Десе де, бұл істің соңы бейбіт келісім тапты. Зардап шегуші әйел өз талаптарынан бас тартса, дәрігер материалдық және морольдық зиян үшін 90мың теңге (240 доллар) төлеуге міндеттелді.

Stan.kz 

04 наурыз 2019 ж. 652 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930