» » Жалағаштық полицейлер жүз жасаған әжелерге құрмет көрсетті

Жалағаштық полицейлер жүз жасаған әжелерге құрмет көрсетті



Жалағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Мәдениет ауылының ең қарт тұрғындары 100 жастағы Бибайша Қайырбаева мен 97 жастағы Маханова Өтеш әжейге сәлем беріп, аналар мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Н.Ағаділов бастаған қызметкерлер және Жалағаш ауданы полиция бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Ержанов, бөлім ардагері ҚР Журналистер одағының мүшесі Б.Нұржанов ғасыр жасаған аналарға арнайы құттықтауын айтып, иықтарына қазақы сәнді қамзол жауып, орамал сыйға тартты.
Ал бөлім бастығының орынбасарлары А.Ералиев пен А.Сералиев қарт әжелердің балалары мен немере-шөберелерінің өте тәртіпті, басқаларға үлгі боларлық азаматтар мен жас өспірімдер екенін айтып өтті. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Ержанов бұрын осы ауылда учаскелік полиция инспектор қызметін атқарғанын айта келе: «Сіздер тәрбиелеп өсірген ұрпақтарыңыз бұрын да үлгілі азаматтар еді, бүгінгі күндері де сол қалыптарынан айнымапты, келешекте де осылай бола беретініне сенімдімін», – деп қарт аналарды қуантып қойды.
Қос ғасырдың куәгер аналары өздері бұрын полиция қызметкерлерін тек қана жаза басқандарды тезге салатын қатаң адамдар қатарына жатқызып келгенін айта келе: «Балалар, өркендерің өссін, бақытты болыңдар, ел тыныштығын қоғаудағы қызметтерің жемісті болсын. Аналар мен көптің алғыстарына ие болып, ел сенімін ақтай беріңдер, – деген ақжарма тілектерін білдіріп, баталарын берді.

Сонымен қатар, полиция басшылары мен ардагерлер Жалағаш кентіндегі қарт аналар Балажан Тойшыбекова мен Мұңсыз Қожахметовалардың да отбасына барып, арнайы құттықтап, оларға да сый-сыяпат жасады.











https://syr-media.kz
11 наурыз 2019 ж. 621 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 720

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031