Қазақстанда сәбидің бір жасқа дейінгі күтімі үшін төленетін жәрдемақыға қатысты жаңа ереже ұсынылды
Елімізде 2020 жылдан бастап әйелдерге сәбидің 1 жасқа дейінгі күтімі үшін берілетін жәрдемақы анасы жұмысқа шыққан жағдайда да жалғасуы мүмкін. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі осындай ережені ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz.

Жақыпова бұл орайда мемлекет қорынан бөлінетін төлем мемлекеттік жәрдемақы деңгейіне дейін төмендейтінін атап өтті.
Өз сөзінде вице-министр 2020 жылы сәбидің 1 жасқа дейінгі күтімі үшін республикалық бюджеттен бөлінетін мемлекеттік жәрдемақы бір бала үшін – 15 050 теңге, екі бала үшін – 17 794, үш бала үшін – 20 512, төрт және одан да көп бала үшін – 23 255 теңгені құрайтынын айтты.
Stan.kz