» » Ташкентте фри дайындайтын зауыт іске қосылады

Ташкентте фри дайындайтын зауыт іске қосылады

Астана, BAQ.KZ. Орталық Азиядағы дайын фри картобы мен картоп қауыздарын шығаратын алғашқы зауыт 19 наурызда Ташкентте іске қосылады. Бұл жөнінде ӨзТаг ақпарат агенттігі хабарлады. 

Картоп өндірушілері қауымдастығының мәліметі бойынша, зауыттың ашылуы Өзбекстанда Халықаралық картоп күнінде өтеді. Шара қауымдастықтың, Grimme және «Агровер» компанияларының жетекшілігімен өтеді. 

«Ұйымдастырылған шараның ең жағымды тұсы – Орталық Азиядағы алғашқы дайын фри картобы мен картоп қауыздарын дайындайтын зауыттың іске қосылуы болмақ», - деп жазылған қауымдастықтың баспасөз хабарламасында. 

Аталғандай, зауыт бүгінгі күні Орталық Азиядағы жалғыз кәсіпорын болып табылады. 

«Жылына 20 мың тонна дайын өнім қуаттылығы бар зауыт нарықтың ішкі сұранысын қамтамасыз етіп қоймай, сол сияқты, экспортқа да шыға алады», - деп жазылған хабарламада. 

Жаңа зауыт Ташкенттің Сергелі ауданында ашылады.

BAQ.KZ.
12 наурыз 2019 ж. 538 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 139

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930