Облыс әкімі шыны зауытының қашан іске қосылатынын айтты
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев алдағы жылдың сәуір-мамыр айында өңірде смартфонға арналған әйнектер шығаратынын зауыт іске қосылатынын мәлім етті, деп хабарлады "Бақ.кз".
Алдымен өңір басшысы Қызылордада шыны зауытының құрылысы аяқталып қалғанын атап өтті.
«Өңірде гаджеттерге арналған ультра-әйнек шығарылады. Жобаның құны - 150 млн доллар. Мен арнайы зауыттың директорын шақырдым. Шыны шыны зауытының ашылуына байланысты күдік болды. Бірақ Қызылордада шыны зауыты болады. Қазіргі таңда зауыттағы құрылыс-монтаждау жұмысы 90%-ке бітті. Зауытқа 100%-ке құрал-жабдықтар жеткізілді», - деді Қырымбек Көшербаев ОКҚ-де өтіп жатқан брифингте.
Оның айтуынша, зауыт 32 жыл бойы жұмыс істеуге қауқарлы екен.
«Менің ойымша, мұндағы өндіріс 32 жыл бойы тоқтаусыз жұмыс істей алады. Сондай технология бар. Зауытты іске қосу үшін ауа температуарасы +20 градус болуы керек. Құдай қаласа, біз (алдағы жылдың – автор) сәуір-мамыр айында өндірісті іске қосамыз. Бұл зауыт өз саласында Орталық Азияда монополист болады», - деп түйіндеді сөзін облыс әкімі.
Айта кетейік, осыған дейін біз Қызылорда облысында смартфонға арналған әйнектер шығаратын зауыт салынатынын хабарлағанбыз.