» » Қызылордалық полицей өртеніп жатқан үйге кіріп, нәресте мен анасын алып шықты

Қызылордалық полицей өртеніп жатқан үйге кіріп, нәресте мен анасын алып шықты

Қызылордада жергілікті полиция басқармасының учаскелік полиция қызметкері Рамазан Алдабергенов өртеніп жатқан үйден кішкентай бала мен анасына алып шығып, құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

ÒÑзÑлоÑдалÑÒ Ð¿Ð¾Ð»Ð¸Ñей Ó©ÑÑенÑп жаÑÒан үйге кÑÑÑп, нÓÑеÑÑе мен анаÑÑн алÑп ÑÑÒÑÑ

Оқиға кезінде кезекшілікте болған Рамазан Алдабергенов 102 операторынан көпқабатты үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама алған. Ол бірден оқиға орнына барыпты. Сол жерде Рамазан өртеніп жатқан үйде бір айлық нәресте мен анасы қалып қойғанын естиді.

Полиция қызметкері өміріне қауіп төнетініне қарамастан, өртеніп жатқан үйге кіріп, нәресте мен анасын алып шықты. Осылайша, ол екі адамның өмірін аман алып қалды. Құтқарылған нәресте мен анасы жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. 

«Мен ерлік жасадым деп ойламаймын. Себебі бұл қызметтік міндетім. Бастысы, адамдардың өмірін құтқару қолымнан келді», - дейді Рамазан Алдабергенов.

Рамазан Алдабергенов полицияда 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Stan.kz 
13 наурыз 2019 ж. 522 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930