» » Орал өзенінде қырылып қалған балықтардың құны 500 миллион теңгеге бағаланды

Орал өзенінде қырылып қалған балықтардың құны 500 миллион теңгеге бағаланды

Ауыл шаруашылығы министрлігі қырылып қалған балықтардың құнын атады. Сонымен қатар, 500 миллион теңге әлі нақты сома емес. Себебі, балықтардан бөлек жемшөп базасы да жойылып кетті. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.

ÐÑалда ÒÑÑÑлÑп ÒалÒан балÑÒÑаÑдÑÒ£ ÒÒ±Ð½Ñ 500 миллион Ñеңгеге баÒаландÑ

Үш жарым айдың ішінде бекіре балығының неге жойылып кеткені анықталған жоқ. Кінәлілер де табылмады. Шенеуніктердің тергеу жұмыстарына көңілі толмай отыр. Мәжілісмендердің пікірінше, тергеу тым ұзаққа созылып кетті. Болжам бойынша, балықтардың жаппай қырылуының себебі судағы аммиакта жатыр. Сондай-ақ судағы хлоридтің концентрациясы жоғары екені анықталды. 

Екі күннің ішінде су бетіне жарты тонна балық қалқып шықты. Үш айдың ішінде өлі табылған балықтардың салмағы 110 мың килограмды құрады. Депутаттар Оралдың суы жақсы тексерілмегеніне сенімді. Осыған байланысты шынайы қылмыскерлер әлі қолға түскен жоқ. 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Артур Платонов Бас прокуратурадан істі өз бақылауына алуды сұрады. 

"Үкіметтік емес ұйымдардың мамандары өзендегі су уланған сәтте одан сынама алынуы керектігін ескереді. Әрбір үш сағат сайын су қоймасының әр жағынан түрі, ихтиофаунасы, жасы, популяциясының жағдайы анықталуы керек еді. Бірақ мұндай жұмыс істелінбеді", — деді ол.
 
 
Stan.kz
14 наурыз 2019 ж. 470 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 725

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031