» » 1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы қалай өсетіні белгілі болды

1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы қалай өсетіні белгілі болды

Қазақстан үкімет бюджет саласындағы төмен жалақы алатын қызметкерлердің жалақысын арттыруға нақтыланған үш жылдық республикалық бюджеттен 170 миллиард теңге қарастырып отыр. Белгілі болғандай, 1 шілдеден бастап 37 мың мемлекеттік қызметкердің жалақысы өседі, деп хабарлайды «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап Stan.kz.


1 ÑÑлдеден баÑÑап мемлекеÑÑÑк ÒÑзмеÑкеÑлеÑдÑÒ£ жалаÒÑÑÑ Òалай Ó©ÑеÑÑÐ½Ñ Ð±ÐµÐ»Ð³ÑÐ»Ñ Ð±Ð¾Ð»Ð´Ñ


Еліміздің қаржы вице-министрі Татьяна Савельева бюджет саласындағы төмен жалақы алатын қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін 169,7 млрд теңге бөлінетінін айтты.

«Сараланған кірісті есептей отырып, бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап 169,7 млрд теңге бөлінетін болады. Ұлттық экономика министрлігі облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі еңбек ететін айлығы төмен қызметкерлердің лауазымдық еңбекақысының коэфицентін арттыру жолымен бірыңғай еңбек төлемі жүйесіне өзгеріс енгізіп жатыр. Бұл ретте 37 мың мемлекеттік қызметші қамтылатын болады», - дейді қаржы министрінің орынбасары Татьяна Савельева.

Вице-министрдің сөзінше, жалақының өсуі орташа есеппен 25 пайызды құрайды, мамандардың жалақысы 25-тен 30 пайызға дейін өссе, бөлім басқарушыларының жалақысы 10-нан 15 пайызға дейін көтеріледі. 

Stan.kz 

14 наурыз 2019 ж. 1 142 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930