» » Қазақ кілемінің өзбек нарығына кіруіне не кедергі?

Қазақ кілемінің өзбек нарығына кіруіне не кедергі?

Шымкенттегі "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағында орналасқан кілем фабрикасы жоспарлы түрде 3 кезең бойынша дамытылып, қазіргі таңда өндіріс орнына 5,6 миллиард теңге инвестиция салыныпты. Жылдан-жылға қуаттылығы артып кележатқан "Бал Текстильде" қазіргі таңда 300 жұмысшы бар.


ÒÐ°Ð·Ð°Ò ÐºÑлемÑнÑÒ£ өзбек наÑÑÒÑна кÑÑÑÑне не кедеÑгÑ?

Шымкент қаласында 2013 жылы ашылған "Бал Текстиль" кілем фабрикасы бүгінде жылына 3 миллион шаршы метр кілем тоқиды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Шымкенттегі "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағында орналасқан кілем фабрикасы 3 кезең бойынша дамытылып, қазіргі таңда өндіріс орнына 5,6 миллиард теңге инвестиция салыныпты. Жылдан-жылға қуаттылығын артып кележатқан "Бал Текстильде" қазіргі таңда 300 жұмысшы бар. Орташа жалақы мөлшері жуырда 80 мың теңгеге көтеріліпті. Ал, өнімнің 23 пайызы шетелге экспортталады. Мұндағылар болашақта жылына 5 миллион шаршы метр кілем тоқып, өнімнің 50 пайызын сыртқа сатуды көздеп отыр . Бірақ, өнімін көрші өзбек нарығына шығарайын десе, кедергілерге тап болады екен.


"Өзбек елінің өнімдері біздің елге еш кедергісіз қосымша құн салығын төлеп қана кіреді. Ал, қазақстанда өндірілген тауарларға Өзбекстанда қосымша акциз салықтары бар. Сол салықтарды алдыру жөнінде ұсыныс жасап жатырмыз",- дейді "Бал Текстиль" ЖШС-нің директоры Талға Ысқақов. Кәсіпкер бұл мәселені Шымкентке арнайы іс-сапармен келген ҚР Премьер-министрі Асқар Маминге айтып, оны шешудегі ұсыныс, пікірлерін жеткізді. Өз кезегінде, Үкімет басшысы бұл мәселені қарастырып, қолдайтынын айтты. 

ERNUR.KZ
18 наурыз 2019 ж. 617 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930