Медведев Назарбаевпен бірлескен жұмысты жоғары бағалайтынын айтты
Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев әлеуметтік желіде Қазақстанның тұңғыш президентіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Facebook желісіндегі жазбасында премьер-министр Назарбаевтың мемлекет құрылуының бастапқы сатысында халықпен бірге болғанын атап өтті.
"Оның басшылығымен қарқынды дамыған экономика құрылып, Қазақстан мемлекеті өмірінің барлық салаларында ауқымды өзгерістер жүргізілді.
Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграцияның бастаушысы болғанын ұмытпаймыз. Ол осыдан 25 жыл бұрын Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясын ұсынған еді.
Нұрсұлтан Әбішұлымен бірлескен жұмысты жоғары бағалаймын, халықтарымыздың арасындағы достықты нығайту үшін, Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым - қатынастарды дамыту үшін жасаған істерінің барлығын ризашылықпен еске аламын", - деп жазылған хабарламада.
KAZ.NUR.KZ.