» » "Қазақ аруы - 2019" байқауының жеңімпазы анықталды

"Қазақ аруы - 2019" байқауының жеңімпазы анықталды

Астанада "Қазақ аруы - 2019" байқауының жеңімпазы анықталды. Финал 19 наурыз күні бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Бұл туралы Stan.kz Елорда Инфо басылымына сілтеме жасап хабарлайды.


"ÒÐ°Ð·Ð°Ò Ð°ÑÑÑ - 2019" байÒаÑÑнÑÒ£ жеңÑÐ¼Ð¿Ð°Ð·Ñ Ð°Ð½ÑÒÑалдÑ

Еліміздің ең сұлу аруы атағы үшін әр аймақтан келген 18 қыз бақ сынасты. Өздеріңіз білетіндей, бұл байқауда қыздардың тек сыртқы келбетіне емес, біліміне, салт-дәстүр мен мәдениеттен хабарына баса мән беріледі.

Павлодарлық Сания Темірханова "Қазақ аруы-2019" байқауының жеңімпазы атанды. Өткен жылы бойжеткен республикалық сұлулық байқауына Павлодардың атынан қатысқан болатын. 

Бірінші орын қарағандылық Айғаным Орынбековаға, екінші орын астаналық Анна Вайдуроваға, ал үшінші орыс павлодарлық Сая Тұрсынбековаға бұйырды. 

Байқау бағдарламасына сәйкес, қыздар шығармашылық және білім сайысына түсті. Үшінші кезеңде қазақстандық дизайнерлердің көйлегімен сән көрсетті. 

Қазылар алқасының құрамында Ерік Жолжақсынов, Қарақат Әбілдина, Баян Алагөзова, Динара Сәтжан, Айгүл Мүкей, Бірғаным Әйтімова болды. Жобаның бас продюсері Баян Мақсатқызы екенін айта кетейік.

20 наурыз 2019 ж. 871 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 203

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031