» » Құтыру – қауіпті дерт

Құтыру – қауіпті дерт


Күйдіргі (сибирская язва)

Күйдіргі -  жануарлардың аса қауіпті ауруы, олардан  ауру адамға жұғу мүмкін. Ауру жануарлар және олардың өліктері сау малға және адамға қауіпті.
Жұғу жолдары-Адам жануарларды мәжбүрлі түрде сойғанда, етті бөлшектегенде, олардың терісін, жүнін өңдегенде, ауру жануарларға күтім жасағанда зақымданады. Зақымданған тері және ас қорыту жүйесі-қоздырғыштың ағзаға ену жолдары болып табылады.
Клиникасы- Жұқтырғаннан кейін адам және жануар 2-8 тәулік ішінде ауырады. Тері үстінде кішкене, қатты қышынатын қызыл дақтар пайда болып, күлдіреуге алмасады. Олар жарылып көміртектес қара қабық пайда болады. Дақтың айналасында жаңа күлдіреулер (пузырьки) пайда болады. Терінің осы орындары қызыл, жылтыр болып, ұстағанда ауырмайтын, ісікке айналады және дененің қызуы 40 С-қа дейін көтеріледі.
Күйдіргі ауруынан сақтану үшін:
- малдәрігері қызметкерлерінің рұқсатынсыз өлген жануарлардан терісін сыпырып алуға және малды союды жүргізбеу;
 - мал өлігінің немесе ауырғаны туралы малдәрігері қызметкерлеріне хабарлау;
Ауру жануарларға күтім жүргізгенде немесе оларды сойған уақытта арнайы киім (резенке қолғап,етік)кию қажет және жұмыстан кейін оларды залалсыздандырудан өткізу, қол, бет, мойын терісінің зақымдануынан сақтану;
- жұмыс аяқталғаннан кейін қолды тиянақты жуу;
- малдәрігерінің бақылауынсыз базардан немесе жеке тұлғалардан жануарлардың етін, терісін, жүнін және шикізатын иеленбеу;
- ауырған малды жедел түрде оқшаулап малдәрігерін шақыру. Өлген жануарлардың өлігінің өлексе қорымында терісімен қоса өртеп жіберу;
- ауру жануарлардың орналасқан бөлмесін тазалап, жерін 20 % хлор ұнтағы ертіндісімен залалсыздандырып, ауру жануармен қатынасқан құны аз заттарды өртеп жіберу:
Өлексе қорымен дұрыс ұстау маңызды рөл атқарады; олар ескерту жазуларымен қоршалуы тиіс. Ол жерлерді суаруға, жайылым ретінде пайдалануға болмайды., олардан жер үсті қойнауын алуға, далада жатқан жүндерді, сүйектерді ұстауға болмайды, оларда күйдіргінің спорасы болуы мүмкін. Қазіргі заманғы емдеу аурудың барлық түрінде толық емден шығаратыны туралы есте сақтау қажет, барлығы да аурудың дәрігерге қалай тез көрінгеніне байланысты. 
                       Жалағаш аудандық  Қоғамдық
               денсаулық сақтау басқармасының
                                       басшысы                                                                         О.М.Аханов

      Құтыру – қауіпті дерт
Құтыру ауруы дегеніміз не?
        Құтыру – адамның ми жасушаларын қатты зақымдайтын жыртқыштар тісін батырғанда, терісінің зақымдаған жеріне олардың сілекейі жұққанда пайда болатын вирустық зоонозды жұқпа.
       Бұл дерт көз жұмуға әкеп соғатын жүйке жүйесінің тозу белгілері; қозушылық, агрессиялық,ой қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Алғашқы құтыру ауруын Авл Корнелий Цельс сипаттаған (біздің дәуірге дейінгі 1 ғасыр), ол оны судан үрей деп атаған.
       Құтыру ауруы адамдарға көбінесе, үй хайуанаттарынан- иттерден, мысықтардансирек кездессе, сондай-ақ ет қоректі аңдардан (қасқыр, түлкі, шағал ,т.б) тарайды. 1885 жылы Луи Пастер адамды аурудан сақтайтын антирабикалық вакцина ойлап тапқан.
       Аурудың қоздырғышы вирус болып табылады, ал жұқпа көзі және жұқпа қоры- жұқтырылған мал. Вирус ауру басталғанша 8-10 күннің ішінде жұқпалы сілекеймен білінеді. Вирус қаңғыма иттерде айналып, мысықтармен ауылшаруашылық малдарына таралады. Таралу механизмі- қарым –қатынас арқылы, адам әдеттегідей малды қапқан кезде, құтыру ауруымен ауыратын науқастардың сілекейімен таралады. Аэрогенді таралу жолы да ықтимал (жарғанаттар мекендейтін үңгірдерде,зертхана ішіндегі жұқтыру ,т.б) , тамақтан және трансмиссивтік-жәндіктердің шағуы арқылы. Дәрігерлерге кеш қаралу, егу тәртібінің бұзылуы, егулердің анықталмау салдарынан құтыру ауруы белең алады.
      Құтырудың белгілері: хайуандарда; бір түрлі күйде болады, кейде сұлық жатады, мазасызданады, кейде ашуланшақ болады, аузы көбіктенеді- ішіп-жей алмайды, жанына жолағанның бәрін қауып,тістеуі мүмкін, хайуан 5-7 күннің аралығында өлуі мүмкін болса, ал адамдарда; тістеген жері ауырып, ысиды, алқынып демалады,түрі жаңа ғана жылаған адам сияқты болады, адамды үрей билейді, ашуланшақ келеді, құтырынып, алас ұрады, өлім алдында талма ұстап, дене құрысып, сал болып қалады.
      Құтырудың алғашқы белгілері тістегеннен кейін 10 күннен 2 жылға дейінгі уақыт аралығында  (әдетте 3-7 аптадан кейін) байқалады. Емдеуді алғашқы белгілер білінгенге дейін бастау қажет.
     Аурудың асқынуы адамды өлімге алып келеді. Өлім-жетімге әкеп соқтыру ертеректегі уақыттағыдай 100 %. Осыған байланысты  жануарлар тістеп алғанда бұл аурудың  асқынып кету қаупінің алдын алуға бағытталған шараларға үлкен назар аударылады. Құтырманың асқынып кетпеуінің өзіндік жолы да бар, ол – уақытылы антирабикалық вакцинаны егу. Бұл жануарлар тістеген жағдайларда ауруханаға қаралу кезінде антирабикалық иммуноглобулин егіледі.
     Жануар тістеп алған  жағдайда міндетті түрде травматологиялық пунктке барып, антирабикалық көмек алу қажет. Антирабикалық көмек жарақат орнын өңдеуден  (жарақат орнын сабынды сумен мұқият жуу, тазалау), антирабикалы вакцинаны немесе антирабикалық иммуноглобулинмен (АИГ) антирабикалық вакцинаны қатар салудан тұрады.  Егер белгісіз жануар тістеп алса немесе өліп қалса 6 емдік курс жүргізіледі, ал егер тістеп алған жануардың иесі белгілі болса ветеринарға бұл жануарды тексеруту қажет. Жануарды асырауға алған адам оның денсаулығы мен күтіміне жауап беру керек. Соңғы кездері белгісіз егеуқұйрықтар тістеп алған жануарлар тіркеліп жүргенін ескерте кеткенді жөн көріп отырмыз.
    Алдын алу шаралары-алдын алу егулер, қаңғыма және құтырма иттерді жою, үй жануарларды дұрыс ұстау ережелерін сақтау Қазақстан Республикасы және  басқа елдерден үй жануарларын тасымалдануын бақылау. Ауруға  сезікті немесе мінезінде өзгеріс болған кез келген хайуаннан балаларды аулақ ұстаңыз жәнебарлық шараларды қолданыңыз. Тіпті ол ешкімді  тістеп қаппағанда да оның сілекейі дененің кесілген немесе жырылған жеріне түссе құтыру ауруын туғызады.
                       Жалағаш аудандық  Қоғамдық
               денсаулық сақтау басқармасының
                                       басшысы                                                                         О.М.Аханов
11 наурыз 2019 ж. 917 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930