Туберкулездің алдын-алу

Егер науқас адамның өзіне тән жеке бөлмесі немесе тым болмағанда ортақ бөлмеде бөлек бір қоршалған бұрышы болмаса, үйде тазалық сақталмаған жағдайда сау адамдарда туберкулезге шалдығу қаупі арта түседі. Сондықтан туберкулез науқастарымен тұратын адамдар барлық жағынан гигиеналық талаптарды орындап және де ауру адамның жеке заттарын, сонымен қатар тұратынорындарын жиі дезинфекциялап отыруы қажет. Ең басты есте сақтайтын жайт, ережеге сай, туберкулезді жұқтыру қаупі ашық ортада емес жабық ортада көп жүреді. Сондықтан бөлмені барынша жиі желдетіп отырған жөн жәнеден бөлмеде ауаның алмасуы жақсы болу керек. Бөлмеде тазалық жүргізу туберкулезді жұқтырудың алдын-алады. Құрғақ тазалық жүргізу, яғни жай ғана сыпырғымен сыпыра салу ол тазалыққа жатпайды, өйткені бөлмені сыпырғанда пайда болатын шаң, жоғары көтеріліп, кейіннен еденге, жиһазға т.б. заттарға қайтып түседі. Сол себептен бөлмеде күнделікті дымқыл тазалық шараларын жүргізу-аз да болса туберкулез микробактерияларының таралуы мен олардың адам ағзасына түсуін азайтады. Жиһаздағы, терезе алдындағы, басқа да заттардағы шаңдарды тек дымқыл шүберекпен сүрткен жөн. Еденді жиі жуып тұру қажет, егер қабырға майлы бояумен боялған болса, оны да жуған дұрыс.
Жалағаш аудандық Қоғамдық
денсаулық сақтау басқармасының
басшысы О.М.Аханов