Талғат Жақан "Мис Қазақстан-2019" іріктеу кезеңіне 75 млн теңге жұмсалғанын жайып салды
Елде туризмді дамытауға бөлінген ақша "Мисс Қазақстан" байқауын өткізуге жұмсалған. Туристік инвестициялық форум ұйымдастырып, бес меморандум бекітуге бөлінген 75 млн теңге сұлулық сайысының тек іріктеу кезеңіне кеткен деп хабарлайды Астана арнасы.
Есеп комитетінің мүшесі Талғат Жақан осындай мәлімдеме жасады. Туристік инвестициялық форум ұйымдастырып, 5 меморандум бекітуге бөлінген 75 млн теңге сұлулық сайысының тек іріктеу кезеңіне кеткен.
Тіпті 2017 жылы өткен "ЭКСПО" көрмесі де билік жоспарлағандай елге туристер тарта алмаған.
Сыртқа саяхаттап шығатын туристер саны келетіндерден 1,5 есеге көп. Жыл сайын тұрғындар шетелде демалуға 2,7 млрд теңге жұмсайды.
"Бұл туризм индустриясы комитетінің қаражатты дұрыс ұйымдастырмағаны салдарынан болған. Елдің туристік әлеуетін арттырып, шетелдік және отандық инвесторлардың, барлығы 250 адамның қатысуымен өтуі тиіс форумдар болмаған.Оның орнына туризмге қатысы жоқ "Мисс Қазақстан" байқауының іріктеуін ұйымдастырылған", -.деді республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Талған Жақан.
А.Бектас
https://kaz.nur.kz