» » СОРА ЕККЕНДЕРГЕ ЖАЗА ҚАТАЛ

СОРА ЕККЕНДЕРГЕ ЖАЗА ҚАТАЛ


Аудандық полиция бөлімінде есірткі бизнесіне қарсы күресте мүдделі органдармен атқарылып жатқан шаралар жөніндегі ведомствоаралық көшпелі мәжілісі өтті.
Басқосуға аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев, облыс прокурорының орынбасары Талғат Әлібаев, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Ғани Төлебаев, облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ердәулет Жаукеев,­ облыстық полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ерболат Тұрахметов, жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Қайрат Тоғызбаев, аудан прокуроры Мадияр Бекпанов және аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, кент, ауыл әкімдері қатысты.
Мәжілісті ашқан аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев күн тәртібінде қаралатын мәселені назарға салды. Онда аудан бойынша есірткі бизнесіне қарсы күресте мүдделі органдармен атқарылып жатқан жұмыстар айтылып, алдағы міндеттер талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алған аудан прокуроры Мадияр Бекпанов­ соңғы екі жылда сора өсімдіктерін өсірудің 17 дерегі анықталғанын жеткізіп, оған қатысты тиісті жұмыстар дер кезінде жүргізілгенін айтты.
– Есірткіге деген сұраныстың азаймауынан жыл сайын сора өсімдіктерін егудің аумақтары кеңейіп, олардың заңсыз айналымы белең алуда. Осыған орай, 2017 жылы 9 қылмыс тіркелсе, былтыр 8 қылмыс орын алды. Ал, биыл сора өсімдігіне қатысты қылмыстық деректер анықталған жоқ. Қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында полиция органдарымен бірлесіп нәтижелі рейттік шаралар ұйымдастыру қажет. Нашақорлыққа қарсы тұру, оның алдын алу жалпыға ортақ міндет. Сондықтан, бұл дертпен күресте бірлескен әрі батыл шараларды қабылдауға тиіспіз, – деді аудан прокуроры.
Прокурордың сөзінше, өткен жылы аудан көлемінде заңсыз есірткі егу фактілерінің 8 дерегі орын алып, 26294 түп сора өсімдігі тәркіленіп, дер кезінде жойылған. Өңір басшысы биылғы жылы бұл көрсеткішті нөлге жеткізіп, мұндай фактілердің орын алуына жол бермеу қажеттігін, сондай-ақ, алдағы уақытта мүдделі органдармен бірлескен есірткі қылмысына қарсы профилактикалық шараларды күшейту қажеттігін назарға салды.
– Сора өсімдіктерін өсіру үшін жер учаскелерін дайын­даумен айналысатын тұлғаларды анықтау шаралары бастапқы кезеңде қабылдану қажет. Ол наурыз, мамыр айлары. Сондықтан кент, ауылдық округі әкімдері, аудандық жер қатынастары, полиция бөлімдері бұл бағыттағы жұмыстарды күшейткен жөн. Сонымен қатар, ішкі істер органдары есірткі заттарын қолдануға байланысты қылмыстарды ғана емес, оларды әкелу және сату қылмыстарын әшкерелеумен белсенді айналысу қажет. Полиция бөлімі мен өзге де құқық қорғау органдарымен бірлесіп, есірткі заттарын таратумен айналысатын қылмыстық топтарды анықтауда пәрменді шаралар қабылдауы тиіс, – деді жиынды қорытындылаған аудан әкімі.

Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ.
30 наурыз 2019 ж. 1 017 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930