» » Киев әуежайында кішкентай қызды құтқарып қалған қазақстандық марапатталды (фото)

Киев әуежайында кішкентай қызды құтқарып қалған қазақстандық марапатталды (фото)

Киев әуежайында кішкентай қыз баланы құтқарып қалған Ұлттық ұланның әскери қызметкері Алексей Кудиенко "Бауыржан Момышұлы. Батыр шапағаты" медалімен марапатталды деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ФоÑо: ҰлÑÑÑÒ Ò±Ð»Ð°Ð½Ð½ÑÒ£ баÑпаÑөз ÒÑзмеÑÑ

Алексей Кудиенко марапатты Ұлттық гвардияның 6506 әскери бөлімінің командирі, Халық Қаһарманы полковник Қайрат Үмбетовтің қолынан алған.

Медаль Алексейге "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы Ардагерлер кеңесінің атынан табысталған.

"Қолбасшылық және әскери бөлімнің барлық жеке құрамы оның әрекетін жоғары бағалайды. Біз онымен мақтанамыз. Оның үлгісі бойынша, біз болашақ ұрпақты, жас жауынгерлерді тәрбилейтін боламыз", - дейді Үмбетов.

ФоÑо: ҰлÑÑÑÒ Ò±Ð»Ð°Ð½Ð½ÑÒ£ баÑпаÑөз ÒÑзмеÑÑ

Сондай-ақ, командир сол сәтте Алексейдің демалыс уақытында жүргенін атап өтті.

Ол сонымен қатар сержант Кудиенконы марапаттау үшін жоғары басшылыққа өтініш бергенін де айта кетті.


01 сәуір 2019 ж. 375 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 725

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031