» » Елордада мүгедек балаларға арнайы балабақша ашылды

Елордада мүгедек балаларға арнайы балабақша ашылды


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада арнайы білім беруді қажет ететін мектеп жасына дейінгі балалар үшін (аутизмге шалдыққан, есту, сөйлеу, қимыл дағдылары төмен балалар) әлеуметтік бейімделу мен білім алуға дағдылайтын «RostOk» балабақшасы ашылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Арнайы білім беруді қажет ететін балалары бар ата-аналар үшін білім беру, оңалту, әлеуметтік бейімдеу мәселесінің шешілуі – алдыңғы шарттардың бірі. 

«Astana» ӘКК» АҚ хабарлауынша, қалада бүгінгі күнге 7557 бала арнайы бақылауға алынған. 

«Бұл жоба – «Astana» ӘКК» АҚ қолдаған көп жобалардың бірі. 

Қала әкімдігі компанияға тұрғын емес жайларды сенімгерлік басқаруға берген болатын, арнайы бағдарлама әзірленіп, бекітілді. Осы құжатқа сай тұрғын емес жайлардың басым көпшілігі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мақсатында жалға берілуде. 

Бүгінгі таңда әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын қорлар мен ұйымдарға ең төменгі бағамен ӘКК барлығы 5400 шаршы метр тұрғын емес жайды жалға берді.  

«Біз алдағы уақытта да елордамыздың маңызды әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға атсалысамыз», – деді «Astana» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы м.а. Рүстем Қуанышбаев. 

Балабақшада 2,5 жастан 7 жасқа дейінгі 55 бала ақылы негізде қабылданса, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан ерекше қажеттілікті талап ететін 65 бала тегін білім алады.


 
Фото: дереккөз
 
01 сәуір 2019 ж. 684 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 049

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30