» » Қызылордада апатқа ұшыраған тікұшақтың қара жәшігі табылды

Қызылордада апатқа ұшыраған тікұшақтың қара жәшігі табылды

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында құлаған Ми-8 тікұшағының қара жәшігі табылды.


ÒÑзÑлоÑдада апаÑÒа Ò±ÑÑÑаÒан ÑÑкұÑаÒÑÑÒ£ ÒаÑа жÓÑÑÐ³Ñ ÑабÑлдÑ


Қазіргі уақытта аппарат мемлекеттік комиссия өкілдерінің қолында деп хабарлады Әуе күштерінің командирі генерал-майор Дәурен Қосанов.

«Қара жәшік мемлекеттік комиссияның өкілдерінде, онда бізге қолжетімділік жоқ. Ақпарат тек басты әскери прокуратура, әскери-тергеу бөлімі мен ұшу қауіпсіздігін қадағалаудың басты бөліміне тиесілі. Армия авиациясының тікұшақтары үшін 200 метрден төмен биіктік болғанда қиын болады. Қызылордадан Шымкентке дейін төменгі шекара биіктігі 390-600 метрді құрады, бұл олар үшін қиын жағдай емес», - деді орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте генерал Майор Косанов. 

Ол тікұшақта тәжірибелі екі пилот болғанын айтты. 

«Олар екінші сыныпты тәжірибелі ұшқыш, сондықтан олардың өз құрамы бар еді. Әрқайсысының үш адамнан тұратын ұшқыштары болды. Олар да 3-сыныпт ұшқыштар. Екі сыныпты ұшқыш өзге жас капитандардан нашар ұшады деп ойламаймын », - деді Дәурен Қосанов.

Әзірге тікұшақтың не себепті құлағаны белгісіз. Тергеушілер тексеріс жүргізіп жатыр. 

Stan.kz

01 сәуір 2019 ж. 393 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 139

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930