» » Кореяда 7 қазақстандық қайтыс болды – СІМ

Кореяда 7 қазақстандық қайтыс болды – СІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін брифинг барысында Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтты.


«Менің қолымдағы бар ақпаратқа сәйкес, осы жылдың басынан бері Оңтүстік Кореядан осы уақытқа дейін 1000-нан астам қазақстандық елге оралды. Әлі де операция жалғасуда. Әлі азаматтарымыз сол жақта қалып қоюда», - деді Смадиров.

Айтуынша, 7 азамат Кореяда қайтыс болған.

«Соңғы уақытта заңсыз жүрген мигранттардың арасында біздің азамат қайтыс болды. 30-40 жас аралағындағы азматтар. Олар қара жұмыс істегеннен кейін кешке үйіне шаршап келіп, ұйықтап қалған соң оянбай қойған. Олар заңсыз жүргендіктен ешқандай сақтандыруы жоқ, жұмыс берушімен келісімшарт жасамаған. Әке-шешесіне оларды елге әкелу қиынға соқты. Өйткені Оңтүстік Кореядан бір денені жеткізу үшін 6-7 мың доллар ақша керек», - деді баспасөз хатшысы. 

Бұған дейін Қазақстан Республикасы және Корея Республикасы Сыртқы саяси ведомстволары арасында Консулдық мәселелер жөніндегі консультацияларының 5-ші отырысы өткенін хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар, Қр Сыртқы істер министрлігі Кореяға баратын қазақстандықтар нені ескеруі тиіс екенін хабарлаған еді.


BAQ.KZ


01 сәуір 2019 ж. 777 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 042

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30