» » Бұрынғы премьер-министрлер: Тоқаев сурет жариялап желідегі жазылушыларын қуантты

Бұрынғы премьер-министрлер: Тоқаев сурет жариялап желідегі жазылушыларын қуантты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев instagram желіcіне сурет жариялады. 

ÐÒ±ÑÑнÒÑ Ð¿ÑемÑеÑ-миниÑÑÑлеÑ: ТоÒаев ÑÑÑÐµÑ Ð¶Ð°ÑиÑлап желÑÐ´ÐµÐ³Ñ Ð¶Ð°Ð·ÑлÑÑÑлаÑÑн ÒÑанÑÑÑ

Жақында ғана instagram желісінен парақша ашқан мемлекет басшысы жаңа сурет жариялап, жазылушыларын қуантып қойды. 

Ол бұрынғы премьер-министрлермен түскен суретін жариялады. Суретте президентпен бірге Иманғали Тасмағамбетов, Кәрім Мәсімов, Бақытжан Сағынтаев тұр.

"Кремльдегі келіссөздерден кейін", - деп екі тілде жазды Тоқаев сурет анықтамасында. 

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев ел президенті ретінде  алғашқы сапарын Ресейден бастап, Владимир Путинмен келіссөз жүргізген еді. Келіссөз барысында қазақ жеріне атом электр стансасын салу жайлы сөз болды. 

Ал, жақында ғана instagram желісінен аккаунт ашқан ел президентіне 272 мың оқырман жазылып үлгерген. Тоқаев бұған дейін Путинмен келіссөз жүргізу кезіндегі суреттерін жариялады. 

"Елбасымыздан кейінгі еліміздің қуанышы болыңыз", "Қазақтың әрбір азаматының мәртебесі биік болсын", "Төртеуі де мәрт жігіттер", деп жазды желідегі жазылушылар.

stan.kz
04 сәуір 2019 ж. 743 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 660

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30