» » ЗИЯНКЕСТЕН САҚ БОЛҒАН ЖӨН

ЗИЯНКЕСТЕН САҚ БОЛҒАН ЖӨН

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтіп, онда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары қаралды. Бұл жиын аудан әкімдігінде онлайн режим арқылы көрсетілді.
Жер аяғы жібіп, күн күрт жылитын көктем айлары адам мен үй жануарлары үшін аса қауіпті саналатын кенелердің көбейетін кезі. Жауапты мамандар нақ осы кездерде сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеді.
Комиссия отырысында облыстық қо­ғам­дық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ұлболсын Ақанаева хабарлағандай, биыл тұрғындар арасында 33 адамды кене шағып, медициналық көмекке жүгінген. Жаңа­қорған ауданындағы Екпінді ауылынан 1 күдікті науқас анықталып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Ауру ошағынан 89 кене, оның 87-і малдан, 2-і мал қорадан, жиналып, зертханалық зерттеу­­ге алынды. Есепті мерзімде облыс бойынша 6646 кене зертханалық зерттеуге жиналып, 684 сынама зерттелді. Оның алтауынан серопозитивті кенелер анықталған. ­Сонымен қатар, жекелеген тұрғындардан да кенелердің көптігі жайлы шағымдар түсуде. Ауа райының қолайсыздығына байланысты кенелердің белсенділігі байқалуда.
Дегенмен, зоопаразитологиялық барлау бойынша аймақтағы қолайсыз елді мекендер 127-ден 123-ке кеміп отыр. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алуда тиімді, үйлескен түрде іс-шаралар жүргізу мақсатында облыс әкімі «Қызылорда облысы аумағында Конго-Қырым ге­моррагиялық қызбасына қарсы әре­кет ету алгоритмін» бекітіп, тиісті мін­деттер нақтыланды.
Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Асылбек­ Шәменов 2019 жылға КҚГҚ алдын­ алу шаралары үшін көктемгі-күз­­гі жұмыстарға 214,5 млн теңге бө­­­­лінгенін жеткізді. Ол табиғи ошақ­­­тарда кенеге қарсы өңдеу жұ­мыс­­­­тары мердігерлер толық анық­та­лып біткеннен кейін 8 сәуірде бас­­­­­­­­­­­­­­­­­­та­латынын айтты. Ал, облыстық ден­­­­­­­­­­­­­­­саулық сақтау басқармасының өкіл­­­­­­­­­дері мәлімдегеніндей, емдеу меке­мелерінде қажетті дәрі-дәрмек­тердің қоры сақталуда.
Облыс басшысы эпидемиология­лық жағ­дай күрделі сипат алып кетпеуі үшін аудан әкімдері мен сала басшыларына жос­парланған іс-шаралардың орындалуына қатаң бақылау жасап, өте жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Кент, ауылдық округтер әкімдері өз аумақтарындағы қора-жайлардың, мал қораларының тазалығына өте мұқият қарауы тиіс. Елді мекендерде уақ малдарды тоғытуға қажетті жағдайлар жасалуы қажет. Жұмыстардың бәрі өз деңгейінде атқарылатын болса, залал­сыз­дандыруға бөлінген қаржы тиімді жұмсалатын болады.

Н.ҚАЗБЕКОВ.

06 сәуір 2019 ж. 897 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930