» » СӘУІР КЕЛДІ, ЕСІГІН ҚАҒЫП ТАБИҒАТТЫҢ

СӘУІР КЕЛДІ, ЕСІГІН ҚАҒЫП ТАБИҒАТТЫҢ

Ақын Мұқағали Мақатаевтың “Сабылып келді міне, сәуір айы, сәуір айы – қазақтың тәуір айы”, – деп басталатын өлеңі дәл осы кезге лайықталып шығарылған туынды. Қазақта “сәуір болмай, тәуір болмас” деген сөз бар. Мұның мағынасын көзі қарақты оқырман айтпаса да түсінер деп ойлаймыз. Сол себепті, бұған тереңдеуді жөн көрмедік.
Өзімен бірге жылулық ала келетін бұл айдың көкек деген екінші аты бар. Бұлай аталу себебі көктемнің бір белгісі көкек құсының алғаш шақыра бастайтын мезгілімен байланысты болса керек. Бұл жайында әріптес ағамыз Дүйсенбек Аяшұлы “Көкқұт көзін ашты, көкек қанатын жазды” деген мақаласында: “Көкек айы, яғни, көкек құстың көк кезіп келген мезгілі көктемнің күшіне мініп, көңілдің құшына түлеп, табиғаттың бақытты түс көріп оянған қыздай балбыраған шағы. Жазда аптаптан, күзде қара желден, қыста бораннан шаршаған шаруа бұл мезгілге жеткенше асыққан. Осы бір шақ қиялға ғана сиятын ғажайыбындай”, – деп бейнелейді.
Иә, қыстан кейін кімнің болса да жылулық аңсайтыны анық. Айналаға нұрын шаша келген наурыздан соң тағиғат есігін сәуірдің қағатыны аян. Диқан қауымның даладағы дүбірлі жұмысты бастайтыны да осы кез. Демек, сәуірді ырзық-несібеге сеп болатын ай деп түсінген жөн.

М.АХМЕТОВ.

06 сәуір 2019 ж. 1 335 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930