» » "Алматы аруы-2019" байқауында оқушы қыз жеңімпаз атанды

"Алматы аруы-2019" байқауында оқушы қыз жеңімпаз атанды

Алматыда жыл сайынғы "Алматы аруы" байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша 16 жастағы Диана Әбішева жеңімпаз атанды, деп жазады Қазақпарат.

ÐлмаÑÑ Ð°ÑÑÑ 2019

Диана байқаудан алған әсері жайлы айтты.
"Мен тәждің өзімде екеніне сенбей тұрмын. Бұл түс секілді. Жылау керек пе, күлу керек пе білмеймін. Мен қатысқан ең керемет байқау болды", - деді Диана.

Диана бұл байқауға қатысу бала күнгі арманы екенін айтты. Төрт ай бойы дайындалғанын жеткізді. 

Дайындық барысында байқау қатысушыларымен танысып-біліскен. Өзі Алматыдағы № 105-мектепте оқиды. Француз, ағылшын тілін меңгеріп жүр. Вокалмен айналысады. Модельдік байқауларға қатысады. "Экономика" саласына бет бұратынын айтады. 

ÐлмаÑÑ Ð°ÑÑÑ 2019


"Мен ҰБТ-ны 125 баллға тапсырдым. Математика мен география пәнін таңдадым. Бұл қаржы, маркетинг, менеджмент саласы. Елде қалам ба, шетелге кетем бе уақыт көрсетеді", - дейді ол. 

"Алматы аруы-2019" тәдінің иесі 1 млн теңге көлемінде сыйақы алды.

Байқауға 16 мен 26 жас аралығындағы 19 ару қатысты. 

Бірден төрт қызға Сабина Ноғаева, Сабина Құрбанова, Дәмелі Нұрғазы және Мадина Мұхтарова "вице-мисс" атағын иеленді.

stan.kz
08 сәуір 2019 ж. 487 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 049

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30