Теміртаулық 3 жасар қыз Болгарияда өтетін сұлулық сайысында Қазақстан атынан өнер көрсетеді
Үш жасар Айару Амангелді республика көлемінде өткен сұлулық байқауында жеңімпаз атанып, Болгарияда өтетін сайысқа жолдама алды.
Бұл туралы еTV арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Қазақстанның кішкентай аруы» байқауының жеңімпазы Айару Амангелді небары 3 жаста. Соған қарамастан, ол сахнадан қорықпайды. Бүлдіршіннің модельдер мектебіне барып жүргеніне бір жылдан асыпты. Ол байқау кезінде өзінің жарқын образымен көпшілікті тәнті етті.
Алматыда өткен байқауға 3-17 жас аралығындағы кішкентай арулар қатысқан еді. Байқау ұлттық костюм, сәнгерлік көрсетілімге қатысу және шығармашылық өнер тәрізді 3 кезеңнен тұрады. Айарудың анасы Жанат Алдашева қызының жеңісі өзі үшін күтпеген жайт болғанын айтты.
«Біздің қаламыз кішкентай. Үлкен қалалардан келген қатысушылар да болды. Мен олардың дайындығы біздікінен жақсы деп ойладым. Сонымен қатар Айарудың жасы кіші. Байқауға 14-15 жастағы қыздар да қатысты. Олар сахнаға үйренген, бәрін жақсы біледі. Ал менің қызым әлі кішкентай. Сондықтан қатты қобалжыды. Тіпті жеңіске жететінінен үміттенген жоқ. Алайда гран-приге ие болғанын естігенімде, қатты қуандым», – дейді Айарудың анасы Жанат Алдашева.
Ендігі «Кішкентай ару 2018» байқауының жеңімпазы Айару Болгарияда өтетін халықаралық сұлулық сайысына еліміздің атынан қатысатын болады.
Айта кетсек, аталған байқау шілде айының басында өтеді.
http://stan.kz

Пікір 9