» » » БҰЛ ЖОЛҒЫ БАЙҚАУ БҰРЫНҒЫДАН ӨЗГЕРЕК

БҰЛ ЖОЛҒЫ БАЙҚАУ БҰРЫНҒЫДАН ӨЗГЕРЕК


Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінде қатарынан төртінші жыл ұйымдастырылып отырған “Университет аруы – 2018” байқауы өз мәресіне жетті. Қатысушы арулардың арманына айналған тәж иесін тапты.

Екі айдан бергі төккен тер мен үздіксіз дайындықтың нәтижесі көрінер сәт аруларды қобалжытпай қоймады. Сахнаның артында өз кезегін күтіп тұрып көрермен залында тақымын қысып отырған ата-анасының үмітін ақтауды басты жеңісіміз деп санайды. Бірінші кезеңнен бері шыдамдылық пен табандылық көрсетіп келе жатқан он үш ару бұл жолы тәж үшін бақ сынасты. Қатысушылардың ішінен өзге тілде ән айтып, мағыналы биімен көзге түскендер де болды. Көрініс арасында күй тартып, қазақтың ұлттық өнерімен көпшілікті таң қалдырған арулар әділ қазылардың көңілінен шықты. Байқауды өткізуге алпысқа тарта жеке кәсіпкер демеушілік жасаған, бұл жолғы сайыстың ерекшелігі де осы дейді ұйымдастырушылар. Түрлі киімдер мен әшекей-бұйым, опа-далап, спорт кешендері, сұлулық салондары, жүргізушілер мектебі, қолөнер дүкендерінің иелері жомарттық танытып, барлық қатысушы қыздарға сыйлық жасады. Бойындағы бар өнерін ортаға салған арулар арнаулы орындардан бөлек он үш номинация бойынша марапатталып, бесеуі «Сыр аруы» сұлулық сайысына жолдама алды. Сонымен бірге, «Көрермен көзайымы», «Қыз Жібек аруы» номинациялары бойынша дауыс беріліп, лайықтылар анықталды.Тек сұлулық  жағынан ғана сынға түспей, өнер мен оқудың, тәрбие мен сұлулықтың таразысын тең ұстайтын нағыз аруды анықтау оңайға түспесі анық. Десе де, сайыстың аты сайыс. Он үш арудың ішінен әділ қазылардың шешімі бойынша барлық талапқа сай, «Университет аруы»атануға лайық деп «Екі шетел тілі» мамандығының 1-курс студенті Мадина Маратқызы танылды. Екі ай бойы уақытты бірге өткізіп, бір үйдің қыздарындай болып кеткен қатысушылар үшін бұл ортақ жеңіс, өйткені бастысы тәж киіп, ару атану емес, жауапкершілікпен шыдамдылықты, әдемі болып жүруді, еңбекқорлық пен қолында бардың қадірін біліп, жастық шақтың керемет кездерін тиімді пайдалануды үйрену.



Жансая ҚЫДЫРБАЙ,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 4-курс студенті
http://syrboyi.kz

02 сәуір 2018 ж. 1 208 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930