АРНАЙЫ КУБОК ТІГІЛДІ Биыл Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің Қорқыт ата аталуына 20 жыл. Осыған орай арнайы кубок тігіліп факультет аралық Жайдарман ойындары ұйымдастырылды.«Жайдарман» – бүгiнде жастар арасында дамып келеді. Көңілді қалжың ғана емес қоғамдағы түйткілді мәселелерді әзілмен астарлай жеткізетін өнер додасына айналған жоба десек те болады.Медеубаев Руслан ‒ факультет аралық жайдарман орталығының төрағасы: Биылғы маусым ‒ менің сүйікті университетім деп аталады. Жалпы, бұл маусымның ерекшелігі ойынға 18 команда тіркелген болатын. Осыған дейін 1/4 ойындары ұйымдастырылып 10 команда қалған болатын. Бүгін өнер көрсететін ойыншылар кубокпен қатар финалға жолдама алу үшін 2 кезең бойынша бақ сынасатын болады. Ал, ақтық сайыс сәуір айына жоспарланып отыр.Жайдарманшы Бағлан Қалиев, “Қорқыт Құрамасының” ойыншысы Асылхан Дүкенбаев және басқа да әділ қазылар алқасының шешімі бойынша 5 команда финалға жолдама алып, олардың ішінен“Тіл тимесін” командасы арнайы кубоктың иегері атанды.Жансая ҚЫДЫРБАЙ,Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 4-курс студенті Қоғам 02 наурыз 2018 ж. 964 0