Қобызшы Сәния
Сахна төріне жас қобызшы қыз шақырылды. Көрермендер толассыз қошемет көрсетуде. Ол шерткен қобыздан дарияның толқыны, аққудың үні, құстың даусы талықсып жеткендей болды. Кейін барып киелі аспап әуенімен тербеткен «Қазанғап» атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің түлегі Сәния Әбілғазиева екенін білдік. Қазақ халқы Қорқыт десе қобызды, қобыз десе Қорқыт бабамызды елестетеді. Оның да өзіндік сыры бар. Қорқыт – тұтас түркі жұртына ортақ тұлға. Қорқыт – әуен, әннің атасы, аңыз адам, қобыз киесі.
Иә, қобыз – Қорқыттан қалған мұра. Бұл аспапқа қызығушылық танытқан жастар жыл өткен сайын көбейіп келеді. Қобызда ойнау қиын әрі күрделі. Десе де, осы бір қасиетті өнерді С.Әбілғазиева жанына серік етіпті. Бірнеше жыл осы өнердің қыр-сырын меңгерген қобызшы қазір аудандық «Өнер» мектебінде оқушыларға дәріс беруде.
Қаракеткен ауылының тумасы, жас қобызшы Сәния мектепті тәмамдаған соң, «Қазанғап» атындағы Қызылорда музыкалық колледжіне оқуға түседі. Алғашында бұл аспапта ойнау қиын болғанымен, өнерге деген ерекше ықыласының арқасында бар-жоғы 1 жылдың ішінде меңгеріп алады.
– Көнеден келе жатқан қобыз дәстүрі қазақтың аспаптық музыка мәдениетінде ерекше орын алады. Оқуға түсер алдында қобыздан, ондағы нотадан мүлдем хабарым болмады. Бірақ, қобыздың үні қатты ұнайтын. Сондықтан, бұл өнерді меңгеруге бекіндім. Бұл орайда ұстазым Салтанат Пұсұрмановаға алғысым шексіз. Ол көптеген талантты жастарға қанат бітіріп, өнерге баулып келеді. Өткен жылы оқуды аяқтап, өңірдегі «Өнер» мектебіне жұмысқа орналастым. Қазіргі таңда, оқушыларға осы бағытта дәріс берудемін, – дейді қобызшы.
Жас өнерпаз қобыздан басқа, домбыра, фортепиано аспаптарын да меңгеріп алыпты. Саусағының сиқыры бар Сәнияның үйірмесінде 9 оқушы киелі аспаптың қыр-сырын үйренуде. Айта кетейік, бұған дейін онда мұндай үйірме болмаған екен. Себебі, қобызды жетік білетін мамандар шәкірт тәрбиелеуге қауқарсыз болды. Енді міне, өнер мектебі тағы бір үйірмемен толығып, оған қызығушылық танытқан талапты бүлдіршіндер абыз бабадан қалған аспапты үйренуге мүмкіндік алды.
Жас қобызшы алған білімін одан әрі жетілдіру үстінде. Алдағы уақытта, оқушыларға қобыз тартуды үйретіп қана қоймай, оларды сахнаға алып шығуды армандайды.
Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ,
Маханбет АХМЕТОВ (сурет).

Пікір 1