"ҚАЗАҚСТАН АРУЫ" БАЙҚАУЫНДА ЖЕРЛЕСІМІЗ БАҚ СЫНАУДА

Бұл байқаудың финалында Қазақстанның әр қаласынан келген 30 қыз бақ сынайтын болады. Жеңімпаз бойжеткен"Әлем аруы" халықаралық жарысында ел намысын қорғайды.Сондай-ақ, 5 миллион теңгені ұтып алады.
Үміткерлер қатарында қызылордалық Айнел Құлмағанбетова да бар. Ол 1998 жылы дүниеге келген. Қызылорда қаласындағы №198 орта мектептің түлегі. Бүгінгі күні Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінде оқып жүр. Алты жыл бойы "Сейхун КАМ ҚМУ" командасының құрамында гандолшы болып ойнаған. Спорт шеберлігіне кандидат.
Айта кетерлігі, ақтық сынның аяқталуына 7 күн қалды.