Арман Жұмабеков ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары атанды
Арман Жұмабеков ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
«ҚР үкіметінің қаулысымен Арман Дайырұлы Жұмабеков ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды», - делінеді хабарламада.
Арман Жұмабеков 1973 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1990 жылы бастаған.
Түрлі жылдары мемлекеттік кірістер министрлігінің құрылымында, ҚР премьер-министрі кеңсесінде, Президент әкімшілігінде, сондай-ақ, коммерциялық секторда жұмыс істеген. 2018 жылғы мамырдан бастап 2019 жылғы наурызға дейін ҚР ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы лауазымын атқарған.
Stan.kz.