ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
Бүгін жергілікті уақытпен сағат 12:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жариялады. Президент сөзін тыңғылықты тыңдадық. Қазақстан басшысы өз үндеуінде кезектен тыс президенттік сайлау өтетінін айтты. Президент лауазымына кіріскеннен бастап өңірлерді аралап жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастық пен тұрақтылықты сақтап, Елбасы ұсынған әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай сәтті әрі тиімді іске асыруымыз керектігіне баса назар аударды. Президенттің бұл шешімі кемеңгер басшысының ел басқарып жүрген азаматтармен ақылдасып барып ойға шомғаны, елге айтқаны деп білдік. Бір сөзбен айтқанда, Президент үндеуінен демократияның жарқын үлгісін біздің елден бастау алатынын көруге болады.
Рауаш ӘЛИЕВА,
Жалағаш аудандық мәслихат депутаты.