» » » ТАРИХИ ШЕШІМ КӨПТІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҒАДЫ

ТАРИХИ ШЕШІМ КӨПТІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҒАДЫ


Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің қазақстандықтарға алғашқы Үндеуін жариялады. Осыған дейін Елбасының сарабдал саясатының арқасында жүзеге асқан ауқымды шараларды тілге тиек еткен ол бұл жолы да Тұңғыш президенттің еңбегін жоғары бағалады. Сондай-ақ, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлау мерзімін де Елбасымен ақылдаса отырып белгілегенін атап өтті.

Президент алғашқы Үндеуінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 9 маусымда өтетінін жариялады. Сондай-ақ, кезектен тыс сайлаудың маңыздылығына тоқталған ол бұл сайлаудың әділ өтетінін де жасырмады.
Мемлекет басшысы жалпы өзінің жауапкершілігін жақсы сезінетінін, барлық аймақтың тыныс-тіршілігінен хабардар екенін де тілге тиек етті. Оның алғашқы сапарын киелі Түркістан облысынан бастауын да ел жақсылыққа балап жатыр. Дамыған елдермен теңесуге талпынған жұрттың келешегін кемелдендіру үшін де бұл шешім маңызды деп есептеймін.
Осыған дейін мемлекетте елдің әлеуетін арттыратын әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асқан еді. Үндеуде Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жұмыстардың қарқын алмаса бәсеңдемейтінін ашық айтты. Алдағы сайлаудың да әділ өтіп, жаңа Мемлекет басшысының елге қалтқысыз қызмет етеріне біз сенеміз.

Ерхан БАҚБЕРГЕНҰЛЫ,
Аудандық мәслихат депутаты.
09 сәуір 2019 ж. 725 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930