» » » КЕМЕЛ БАСШЫНЫҢ КӨРЕГЕН ШЕШІМІ

КЕМЕЛ БАСШЫНЫҢ КӨРЕГЕН ШЕШІМІ


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндеу арқылы маусым айында президент сайлауын өтеті
нін айтты. Еліміздің келешегі мен қазақстандықтардың тағдырын айқындайтын сайлауға әр адам үн қосар елеулі үндеу болды. Президент өзінің үндеуінде "Сайлаудың таза, ашық, әділ өтетініне кепілдік беремін" деп атап өтті.
Елбасы, Қазақстанның тұңғыш президенті, “Нұр Отан” партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев елдігімізді айқындап, шекарамызды шегендеп, талай қилы кезеңдерден аман алып шықты. Қазақ елін күллі әлемге паш етті, ел еңсесін тіктеді. Міне, осындай көреген басшының салиқалы ісін жалғау үшін Президент Тоқаев осындай қадамға барып отыр. Әрі сайлаудың әділ өтуіне өзі кепіл болады. Бұл дегенің демократиялық үдерістердің біздің елде барынша көрініс беруі деген сөз. Демек, Қазақстандай Орталық Азиядағы көшбасшы елде бәрі демократиялық жолмен шешілуі қажет. Еліміз көркейіп, дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білек сыбана жұмыс жасауды тоқтатпауымыз керек. Ең бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Қаншагүл МҰСТАФАЕВА,
“Нұр Отан” партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
09 сәуір 2019 ж. 965 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 714

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031