» » Елордада бас дәрігерлердің бірыңғай қабылдау күні пайда болды

Елордада бас дәрігерлердің бірыңғай қабылдау күні пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Медициналық ұйымдардың басшылары азаматтарды апта сайын сейсенбі күні жеке қабылдайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту, пациенттермен кері байланыс орнату мақсатында, денсаулық сақтауға қатысты туындаған мәселелерді шешу үшін апта сайын сейсенбі күні сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін медициналық ұйымдар бас дәрігерлерінің азаматтарды бірыңғай қабылдауы ұйымдастырылды», – деп мәлімдеді елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында. 

Азаматтарды толық қабылдау кестесі әкімдіктің сайтында жарияланған.  Тізімде қалалық ауруханалар, емханалар, перинаталдық орталықтар, диспансерлер, медициналық орталықтар және т.б бар. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы да тұрғындарды апта сайын сәрсенбі күні сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін қабылдайды. 55-69-85 нөмірі бойынша алдын ала жазылуға болады.


11 сәуір 2019 ж. 553 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 140

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930