» » Мешел (рахит) ауруының алдын алу

Мешел (рахит) ауруының алдын алу


ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÑаÑÐ¸Ñ Ð°ÑÑÑÑ ÑоÑо

Мешел (рахит) ауруы
Рахит – ерте жастағы балалардың сүйек тініңдегі минерилизация процесінің бұзылысынан және витамин «D» дефицитінен пайда болатын полиэтиологиялық ауру.
мешел немесе рахит— негізінде фосфор-кальций алмасуының бұзылуы жататын, қаңқа сүйектерінің қалыптасуының және ішкі мүшелер мен жүйелердің функциясының бұзылуымен жүретін ерте жастағы балалардың ауруы. Мешел – 2 жасқа дейінгі  балалардың арасында жиі кездесетін ауру.

Этиология
  1. Күн сәулесінің жеткіліксіздігі;
  2. Тағамдық факторлар: ерте жасанды және аралас тамақтандыру, қосымша тағамды кеш енгізу, жеміс-жидектер мен ботқалардың жетімсіз болуы;
  3. Шала туғандық;
  4. Қозғалыс белсенділігінің жеткіліксіз болуы;
  5. Жүктілік барысының асқынуы;
  6. Бір жасқа дейінгі балалардың аурулармен ұзақ және ауыр дәрежесімен ауруы;
  7. Ұзақ уақыт дірілге қарсы ем қабылдау;
  8. Сіңірілудің бұзылу синдромы ;
  9. Тұрақты ацидозбен жүретін аурлар;
  10. Терінің пигментациясы;
балалардың арасында жиі кездесетін ауру. 
Симптомдары : Тершеңдіктің күшеюі, жалпы әлсіздіктің өсуі. Бұлшықет гипотониясы (іш қатулардың күшеюі), буындардың тұрақсыздығы, іштің қампаюы, диафрагманың жоғары тұруы. Краниотабес, бастың төрт бұрышты болуы
Маңдай, шүйде төмпешіктердің ұлғаюы
Маңдай сүйегінің шығыңқы болуы
Тістердің шығуының бұзылуы
(кеш және дұрыс емес, кеуде сүйегінің деформациясы (етікші, кеудесі, кифоз, лордоз, сколиоз)
Ұзын түтікті сүйектердің қисаюы
Жамбас сүйектерінің жалпаюы қабырға-төс қосындыларының жуандауы (четка)
Білезік буынының жуандауы (браслетка) Саусақ аралық буындардың жуандауы, нити жемчуга

Емі

Мешел кезіндегі емдеу шараларының мақсаты бұл кальций-фосфор алмасуының көрсеткіштерін қалыптастыру, метаболикалық ацидозды жою, витамин Д жетіспеушілігін жою. Мешелді емдеу комплексті болуы қажет және мешелге бейімдейтін барлық факторларды жоюға бағытталуы керек. Міндетті түрде балаға оның жасына сай дұрыс күн тәртібін ұйымдастырып, әр түрлі тітіркендіргіштерді (қатты жарық, шу т.б.) жою қажет. Таза ауада жеткілікті болып, бөлмені жиі желдетіп отыру керек. Емдік шынықтыру, массаж, гигиеналық ванна қабылдаудың маңызы зор.

аға патронаж мейірбикесі:Тұрғанбаева Гүлназ Бахытбекқызы
01 қазан 2018 ж. 2 223 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031