Бас ауруының бірнеше себебі бар
Қатты ауырмайтын, бірақ ұзаққа созылатын ауру. Бұл кезде ешқандай шаншу болмайды. Тек бас немесе мойын айналасында түйінделіп қалған сезім болады. Жеткіліксіз ұйқы, депрессия және стресс оның ең басты себептері.
Қатты ауыртатын және шаншитын бас ауруы. Көбінесе көздің артында сезіледі. Жарыққа және дауыстарға қарсы тітіркену, лоқсу және жүрек айнуы болады. Себептері мезгілсіз тамақтану және гормонды дәрі-дәрмектер. Бұл бас сақинасы (мигрень) саналады.
Солқылдау. Өте қатты ауыртады. Көбінесе бір көз айналасында немесе артында сезіледі. Мұрынның бітелуі, көздің жасаурауымен бірге болуы мүмкін. Ауыруы көбінесе ұйқы кезінде келеді. Спиртті ішімдіктер және темекі – мұның ең басты себептері.
Гайморитке байланысты ауырғанда белгілері ауыртпалы және тұрақты болып келеді. Мұрыннан тоқтамай су ағады. Ауырғаны мұрын үстінен бастап, маңдайға және құлаққа дейін жайылады.
Аллергияға байланысты бас ауыруы кезінде танаулардың бітелуі, көздердің жасаурауы, қышытпа және бастың шаншуы белгілерінен байқалады. Гүл тозаңы, зең (зәк, көгеру) және шаң ауруға себеп болады.
Кофеинге байланысты да бас ауырады. Ол кезде бас шаншытып ауыртады және шамадан артық кофеин тұтынудан туындайды.
Шаршауға байланысты болатын бас ауруы кезінде белгілі бір жердің ауырғанымен шектелу мүмкін емес. Себебі бұл кезде ауру шаршататын физикалық қозғалыстар, түшкіру, жөтелу, ісік, мигреньмен бірге көрінуі мүмкін.
«Черепное давление» деп жатамыз, бұлкезде баста қысым және қысылу сезімі байқалады. Жақтың ауырып, шытырлауы арқылы белгісін көрсетеді. Бұған жақтағы келеңсіздік және стресс басты себеп.
Ревматизм: мойында немесе бастың артқы жағында, қимылдағанда артатын аурулар. Тұз жиналуынан және суықтан болады.
Көздің шаршауы да бас ауыртады. Ол кезде ауру сезімі негізінен көз айналасында сезіледі.
Бас ауырғанда осы себептерді анықтап, дәріні соған сай ішкен дұрыс.
Дайындаған – А. МҰХАММЕД.
Пікір 2