» » Шәмшидинова: ​Балалар 6 жастан бастап мектепке баруға міндетті

Шәмшидинова: ​Балалар 6 жастан бастап мектепке баруға міндетті

Білім туралы заң бойынша бірінші сыныпқа балалар алты жастан бастап барады
ШÓмÑидинова: âÐÐ°Ð»Ð°Ð»Ð°Ñ 6 жаÑÑан баÑÑап мекÑепке баÑÑÒа мÑндеÑÑÑ

ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова үкіметтің баспасөз-конференциясында балалар алты жастан бастап мектепке баруға міндетті ме деген сұраққа жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өз жауабында Білім және ғылым министрі "Білім туралы" заңға сілтеме жасады. Құжатта бірінші сыныпқа алты жасқа толған балалар баратыны айтылған.

"Білім туралы заң бойынша бірінші сыныпқа балалар алты жастан бастап барады. Сондықтан баланы алты жастан бастап мектепке жіберу керек. Бірақ, 1 қыркүйекте, қазан, қараша және желтоқсан айларында (алты жасқа толмаған-ред) балалар мектепке дейінгі дайындықты бастағандықтан бұл курсты аяқтап, келесі жылы бірінші сыныпқа барады", - деді министр.

Шәмшидинова мектеп бағдарламасы осы жасқа бағытталғанын және балалардың ерекшеліктерін ескере отырып жасалғанын жеткізді.

"Бірінші сынып бағдарламасы жас ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылған. Тіпті, әліппеге дейінгі, әліппе, әліппеден кейінгі кезең де бар, әліппе кезеңі ұлғайтылды",- деп түсіндірді Білім және ғылым министрі. 

ERNUR.KZ
15 сәуір 2019 ж. 1 011 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 418

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031