Алдағы күндері елімізде қар жауады
Қазақстанда алдағы күндері қар, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 18-20 сәуір күндеріне ауа райы болжамын жасаған синоптиктер осылай дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжауынша, еліміздің оңтүстігіндегі белсенді фронтальді бөліктердің әсерінен алдағы үш тәулікте жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр және найзағай күтіледі.Ал суық арктикалық атмосфералық фронттардың ықпалынан республиканың солтүстік облыстарында жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал. Ауа температурасы 2-10 градус аязға дейін төмендейді деп күтіледі.
Сондықтан мамандар ауа температурасы климаттық нормадан 2-5 градус төмен, ал оңтүстік облыстарда 2-5 градус жоғары болады деп болжап отыр.