» » "Мәйіттер шекараға жеткізілді": Мырзахметов Қордайда апатқа ұшырағандар туралы айтты

"Мәйіттер шекараға жеткізілді": Мырзахметов Қордайда апатқа ұшырағандар туралы айтты

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Үкімет кулуарында Қордай маңайында болған жол-көлік апаты туралы баяндады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі

ÒоÑдайдаÒÑ Ð°Ð¿Ð°Ñ

"11 адам қаза тапты. 31 адамға әртүрлі деңгейде медициналық көмек көрсетілді. Бүгінде ауруханада тоғыз адам жатыр, оның үшеуі – жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр, дегенмен тұрақты. Жансақтау бөліміндегі үш адамның бірі – Өзбекстан азаматы. Алты адам аурухананың әртүрлі бөлімінде жатыр, олардың екеуі – Өзбекстан азаматы, қалғандары – қазақстандықтар", - деп айтты Мырзахметов.
Облыс әкімі Қазақстан тарапы жол-көлік апатынан қаза тапқандардың мәйітін шекараға дейін жеткізгенін атап өтті. 

Еске сала кетсек, 20 сәуір күні таңғы сағат 05.00-де Жамбыл облысындағы Қордай ауданынан 181 шақырым жерде Алматы-Ташкент тасжолында Toyota маркалы автокөлік жолда кетіп бара жатқан жүк көлігіне соғылған. Тасжол бойында артынан келе жатқан автобус осы автокөліктерге соғылмайын деп әрекеттенгенде, жолдан шығып құлап кеткен. 

Жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде сол жерде 8 адам қаза тауып, 32 адам медициналық мекемелерге жеткізілді, алған жарақаттарының салдарынан тағы да 3 адам ауруханада қайтыс болды.
22 сәуір 2019 ж. 688 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930