Қазақстандағы президент сайлауы: Бүгін Тоқаев қазақ тілінен емтихан тапсырады
NurOtan партиясының атынан президенттікке ұсынылған кандидат және қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін қазақ тілінен емтихан тапсырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ОСК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Конституциялық заңының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 55-бабына сәйкес, ОСК-ға Қасым-Жомарт Тоқаевтың құжаттары ұсынылды.
Хабарланғандай, бүгін мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтау үшін, лингвистикалық комиссияның отырысы өтеді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауға қатысуға келісетіні туралы өтініш, биографиялық мәліметтері мен басқа да құжаттарының көшірмесін тапсырды.
Айта кетсек, 2019 жылдың 9 маусымында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. 23 сәуірде Nur Otan партиясы қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.
Stan.kz