«Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалдық ойынында алматылық жігіт 5 млн ұтты
20 сәуір күні «Хабар» телеарнасында өткен «Миллион кімге бұйырады?» жобасында 28 жасар Алматы қаласының тұрғыны Самат Жалилов бес миллион теңге ұтып алды. Ойынның ережесі бойынша 15 сұраққа дұрыс жауап берген адам он миллион теңгеге ие болады. Самат Жалилов 14 сұраққа дұрыс жауап беріп, өзінің білімі мен ойлау қабілетін көрсете білді.
«Миллион кімге бұйырады?» бағдарламасын үнемі көріп, сұрақтарға жауап беріп отыратынмын. Бір күні анам «барып, қатысып көр, бағыңды сына» деп кеңес берді. Белді буып, қатысуға шешім қабылдадым. СМС жолдап, бірнеше іріктеу кезеңінен өткен соң, студияға шақырды. Қойылған сұрақтардың бәрі оңай болды деп айта алмаймын. Сәттілік жолдас болған шығар. Оқығаным, көріп білгенім, дайындалғаным, мені осы жеңіске жеткізді», - дейді Самат Жалилов.
Самат Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «Кино және телевизия режессері» мамандығы бойынша бітірген. Қазір осы салада жұмыс істейді. Қысқа метражды фильмдер байқауының «Үздік режиссер» номинациясы бойынша жүлдегері.
Ол өзінің жеңімпаз атанғанына әлі күнге сене алмай жүр екен. Сондықтан ұтысын нақты қайда жұмсауын ойластырмаған, дегенмен отбасымен бірге Еуропаға саяхатқа шыққысы келетінін айтты.
«Көңіл күйім түсініксіз, сөзбен жеткізе алмаймын. Түсім деген ойлар да келді. Бір жағынан 10 миллионға жете аламадым деген де өкініш болды, өйткені бір-ақ сұрақ қалды. Әттең, соның жауабын білгенде... Әлі 15 сұраққа жауап беретін адамдар табылар, бізге бұйырғаны осы шығар. Әрине, жеңімпаз атанғаныма өте қуаныштымын. Ұтысымды, жанұяммен бірге Еуропаға саяхатқа жұмсасам деген ниетім бар. Алдағы уақытта көрерміз. Рақметсіздерге», - деп ойын жалғады Самат Жалилов.
Естеріңізге сала кетейік, «Миллион кімге бұйырады?» ойынына қатысу үшін 3698 қысқа нөміріне «К1» кілт сөзін жіберу керек.
«Миллион кімге бұйырады?» бағдарламасын әр сенбі сағат 20:15-те «Хабар» телеарнасынан және сілтемесі арқылы көруге болады.
*PR құқығында
kaz.nur.kz